Абдилдаева Жамал
Алматылық филиал, «Есік» бөлімшесі
Абдилдаева Жамал Абдрахбайқызы – Азиялық Несие Қорының ең адал клиенттерінің бірі. Ол АНҚ туралы алғашқы рет 2009 жылы Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылындағы базарға келген және қордың қызметі және оның осы Жамал Абдрахбайқызы сияқты кәсіпкерлерге қалай көмектесе алатындығы туралы әңгімелеп берген Компания мамандарынан білді.
Сол кезде ол базардағы үстелді жалға алып, көкөністер және жемістерді сатумен айналысқан болатын. Мұндай бизнес ұдайы тауарға салымдар жасауды талап етті, және де ауылдастар үшін ұсынылатын тауарлар сұрыпталымын да кеңейткісі келетін. Жамал Абдрахбайқызы тәуекелге келді де, базардағы өз құрбыларымен бірлесіп, өзінің өміріндегі ең алғашқы 80 000 теңге (530 АҚШ доллары) шағын несие алды. Осыдан бастап оның Азиялық Несие Қорымен ұзақ мерзімді серіктестігінің тарихы басталды.
Тоғыз жыл бойы Жамал Абдрахбайқызы 15 шағын несие алды, және де олардың барлығы тек бизнесті дамыту үшін пайдаланылды. Жалға алынған орыннан бастап, ол көкөніс және жемістер сатты, кейіннен сауда нүктесін сатып алды және оны жалға берді. Сондай-ақ ол жолдың бойында өз дүңгіршегін ашты, ол жерде автомобиль майын сатты. 2010 жылы, АНҚ қолдауымен ол мал шаруашылығымен – мал өсіру және қайта сату, сүт өнімдерін өткізу, тауық және үйрек асыраумен, жұмыртқа сатумен айналыса бастады. Жамал Абдрахайқызының жұбайы – зейнеткер, сондықтан да ол өзінің жарына бизнесте көп көмектеседі. АНҚ-мен тоғыз жылдық қызметтестік кезінде Жамал Абдрахбайқызы бизнесінің өзіндік капиталы 12 есеге артты! Және де нәтиже ретінде отбасының әл-ауқаты да жақсарды. Кәсіпкер үйіне жөндеу жүргізді, ұлы үшін жер телімін сатып алды, үлкен ұлына шағын бизнес – ТЖО ашуға көмектесті. Бірақ ең бастысы – ол ұлдарын үйлендірді! Жамал Абдрахбайқызының ұсынысы бойынша оның қыздары мен келіндері де АНҚ-мен жұмыс істейді – олар мал шаруашылығы және саудамен айналысты.
«Мен АНҚ-мен жұмыс істеп келемін, себебі, ең біріншіден, мені шағын несиелеу шарттары қанағаттандырады. Бірақ ең бастысы, сіздердің қаржыландыруыңыздың және көзқарастарыңыздың арқасында менің бизнеспен айналысу және оны үздіксіз дамытуға ниетім пайда болды. Ынтымақтастықтың басында менде базарда тек кішкентай ғана үстелім болған. АНҚ мамандарына мен жеке алғыс білдіргім келеді. Олар әрдайым сыпайы, іспен де, сзбен де көмектесуге дайын тұрады. АНҚ – менің екінші отбасым сияқты», – дейді Абдилдаева Жамал.
Біз өзіміздің клиенттерімізден осындай сөздерді естуге қуаныштымыз. Олар бізді шабыттандырады, қызметімізге мағына береді және клиенттердің мақсаттары мен жоспарларын белсенді жүзеге асыруға ынталандырады.