Бақылау кеңесінің төрағасы
Кристиан Андерсен
ВОРА холдингілік компаиясының Бас директоры болып табылады
Кристиан Андерсеннің Азиядағы бизнесті басқару саласындағы 15 жыдық жұмыс тәжірибесі бар. Шағын несиелеу саласына 2015 жылдан бастап тартылды. Ол 2013 жылдан бастап қоссалқы құрылтайшысы болып табылатын Baseof Pyramid Asia (BOPA) үшін жарайтын серіктестер іздеуге байланысты өзі Азия мен Латын Америкасындағы 60 МҚҰ барып қайтты. ВОРА негізгі қызметі дамуының алғашқы кезенінде тұрған акционерлік капиталға инвестициялауға бағытталған холдингілік компания болып табылады.
Кристиан Швейцариядағы Халықаралық Басқарушылық даму институтының іскерлік әкімшіліктендіру (МВА) саласындағы магистр дәрежесіне және Дүниежүзілік банк/Азиялық даму банкінің шағын несиелеу бойынша жаттықтырушы сертификатына ие.
Кристиан CGAP (Аз қамтылғандарға көмек көрсету жөніндегі кеңестік топ), BRAC (Бангладеш ауыл шаруашылығын дамыту комитеті) және Бас микроқаржыландыру институтының түрлі микроқаржылық тренингтеріне қатысқан.
АНҚ Бақылау кеңесінің мүшелері
Сенад Синанович
Босния-Герцеговинадағы Партнер Микроқаржылық Қорының директоры
Сенад Синановичтың микроқаржы саласында 28 жылдық тәжірибесі бар. Сенад Синанович Косоводағы Қаржы Агенттігі, Микроқаржы Ұйымдары Ассоциациясы сияқты ұйымдарда Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

Марко де Натале
Visionfund/World Vision қаржы ұйымдары тобының директоры
Марконың әртүрлі аймақтардағы инвестициялық банкинг саласында 25 жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта ол VisionFund жаһандық желісінің қаржы саласына жауапты VisionFund халықаралық микроқаржыландыру желісінде қаржы ұйымдары тобының директоры.
Ол бұрын niras жаһандық әсер ету консалтингтік фирмасының сектор менеджері (стратегиялық қаржы/қорларды басқару) және Берлиндегі LFS Advisory компаниясының стратегиялық қаржы менеджері болған.
Алдыңғы тәжірибеге ТМД аймағында мамандандырылған жеке капитал компаниясының бас директоры және тең құрылтайшысы, сондай-ақ Әзірбайжан мен Ресейдегі жетекші микроқаржы ұйымдарының бас және қаржы директоры, сондай-ақ Женевадағы BlueOrchard Finance аймақтық менеджері лауазымы кіреді.
Марко өз мансабын Лондон қаласындағы Barclays Capital, Credit Suisse және Merrill Lynch компанияларында капитал нарығындағы 10 жыл жоғары лауазымды қызметтерінен бастады. Марко Стэндфорд Университетінің магистр дəрежесіне ие жəне Stonier АВА Банк ісі мектебі (Пенсильвания Университеті / Уортон/) жəне Оксфорд Университетінің Финтех бағдарламасының түлегі болып табылады.
Дон Гинсел
Құрылтайшы және бас атқарушы директор, Leodex
Дон — тәжірибелі супервайзер және барлық деңгейдегі бизнес көшбасшыларының стратегиялық кеңесшісі. Оның сараптамасы қаржы және бизнес қызметтеріне бағытталған цифрландыру мен жасанды интеллект сияқты технологияларды қолдануды қамтиды. Оның қаржы технологиялары саласындағы кәсіби байланыс шеңбері бүкіл әлемді қамтиды. Индустриядағы оқиғалар мен даму барысын білу мақсатында Донның пікірін оқитын немесе тыңдайтын адамдар саны 15 000-нан асады. Ол әртүрлі конференциялар мен подкасттарға қатысады. Табиғатынан кәсіпкер, жаңа жобалар, технологиялар мен бастамалар туралы үнемі білгісі келеді. Ол қаржылық әл-ауқат пен инклюзия мәселелеріне терең қызығушылық танытады, сондықтан микроқаржыландыруға ерекше ықылас танытады. Дон Нидерландыда, Амстердам қаласында тұрады, бос уақытында спортпен айналысады және әйелдер футболын қолдайтын жергілікті футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесі саналады.

Яна Хмельницки
Негізін қалаушы IDG Hub for Financial Inclusion
Яна дамуды қаржыландыру саласында реттелетін микроқаржылық ұйымдарды (МҚҰ) және шекаралық экномикасы бар банктерді басқарудағы 20 жылдық тәжірибесі бар топ-менеджер болып табылады. Яна түрлі континенттерді басшылық лауазымдық қызметтерді атқарған: бұрынырақ ол Мьянмада ADVANS МҚҰ бас директоры, Тәжікстан және Малавидегі FINCA басшысы, Қырғызстанда FINCA бас операциялық директор, сондай-ақ Латын Америкасында FINCA қңірлік операциялық директор орынбасары болды.
Белгілі миссияны орындайтын ұйымдардың трансформациялық әсеріне қызығушылық танытқан Яна өзін коучингке және икемді және жеңіл бейімделетін ұйымдарды құруға арнады. Өзінің стратегиясында ол компания қызметкерлерінің арасында таланттарды тәрбиелеуге көп көңіл бөліп, ұйымның ішінен өсуін қамтамасыз етуге септігін тигізді.
Дағдарысқа қарсы басқару дағдыларына ие маман бірнеше ұйымды күрделі сыртқы экономикалық және әлеуметтік дағдарыстар арқылы табысты жетелеп өтті. Оның көшбасшылық философиясы басты назарда клиенттерді қажеттіліктерін ұстайды, бұл олардың сұранымдарына бағытталған өнімдер мен шешімдерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Операциялық тиімділікті арттыру үшін технологияларды пайдаланудың сенімді жақтаушысы бола тұра, Яна өзінің алдыңғы лауазымдық қызметтерінде операциялық процестерді айтарлықтай цифрландыруды басқарып келген.
Яна сондай-ақ IDG Hub for Financial Inclusion (IDG4FI) ұйымының негізін қалаушы — бұл бастама инклюзивті қаржыландыруға қажет ішкі даму мақсаттары тұжырымдамасын қолданады. Осы жұмыс аясында ол қаржы институттары мен даму ұйымдарында жүйелік көшбасшылық дағдыларын дамытуға назар аударады; мәдениет, стратегия және нәтижелерді үйлестіру арқылы адам мүддесіне бағытталған, тұрақты қаржы жүйелерін құру мақсатында көшбасшылар мен командаларға қолдау көрсетеді.

Талғат Салихов
Директорлар кеңесінің мүшесі «Teniz Capital Investment Banking»
Талгат Салихов — инвестиция және қаржы саласында 10 жылдан астам тәжірибесі бар кәсіби маман. Қаржы секторы, квазимемлекеттік қаржы институттары мен іскерлік ортада кең байланыс желісі бар. Осы уақытқа дейін ол инвестициялық-қаржылық топтың серіктесі болып, топтың тікелей инвестицияларымен және активтер портфелін басқаруымен байланысты маңызды қызметтерді қадағалаған.
Инженер мамандығы бойынша білім алған Талгат Ноттингем университетінде бакалавр, Лондон Империялық колледжінде магистр дәрежесін алған. Ол Mott Macdonald компаниясының Лондондағы бас кеңсесінде және Қазақстандағы түрлі инженерлік компанияларда жұмыс істеген.
Қаржы саласындағы мансабы PwC халықаралық консалтинг компаниясында басталған, онда ол бизнесті бағалау, кешенді талдау, қарыз міндеттемелері мен инвестициялар бойынша кеңес беру жобаларын орындаған және басқарған, Қазақстан мен Ресейдегі PwC кеңселерінде жұмыс істеген. Сонымен қатар, ол инвестициялық банкте қаржы бойынша кеңес беріп, банктік сауда-саттық операцияларды орындаған.
Талгат бірнеше жеке компанияларда директор қызметін атқарған және қазіргі таңда Қазақстандағы жетекші инвестициялық-банктік компанияның, «Teniz Capital Investment Banking» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады. Сонымен қатар, ол АНҚ-дың тәуекелдерді басқару комитетінің төрағасы саналады.

Севара Сираджева
Өнімдерді әзірлеу, EPAM Systems
Севара Сираджева цифрландыру және технологиялар бойынша инновациялық өнімдер жасау саласындағы 12 жылдан аса еңбек тәжірибесі бар біліктілігі доғары маман болып табылады. Қаржы саласындағы Ұлыбританияның беделді оқу орындарының МВА дәрежесі мен АТ бизнесінің бакалавры дәрежесіне ие.
Өзінің мансабын жетілдіру кезеңінде Севара АҚШ, Ұлыбритания, Біріккен Араб Әмірліктері, Ресей, Грузия және Өзбекстанды қоса алғанда, әлемдік нарықтарда технологиялық өнімдерді табысты жүзеге асырған. Оның түрлі нарықтық жағдайларға бейімделе алуының бірегей қабілеттілігі керемет нәтижелерге жетуде маңызды рөл атқарды. Кең ой-өрісі мен индустрияны жете түсіну қабілеттілігін Севара Кремний алқабының Google, Facebook, LinkedIn, Microsoft, Mozilla, Oracle және Optimizely сияқты жетекші технологиялық компанияларында кәсіби тағылымдама өтуінің арқасында меңгерді. Бұл тәжірибе оның дағдыларын толықтыра түсті және кәсіби көзқарасын молайтты.
Кәсіби саладағы үздік жетістіктерімен қатар Севара әйелдер мен қыздарды STEM саласына тартуға бағытталған бастамаларды белсенді түрде қолдайды. Оның ерекше қызығушылығы Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы мүмкіндіктерді кеңейту идеясына негізделеді, бұл жерде ол технологиялық және инновациялық бастамаларды дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға тырысады.
