Қазіргі әлемде қаржылық сауаттылық табысты өмір сүрудің ажырамас бөлігі екенін түсінетін ададмдар саны барған сайын артып келеді. «Қаржылық жағынан сауатты клиент – кредиттік міндеттемелер орындалуының кепілі» деген ұранмен «Азиялық Несие Қоры» микроқаржылық ұйымы» ЖШС (АНҚ) жыл сайын өз қарыз алушылары үшін бірқатар тренингтер өткізеді. Қазақстанның аймақтарында тұратын клиенттердің қаржылық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударылады.
Қаржылық сауаттылық бойынша алғашқы тренингтер 2023 жылдың 5 маусымында басталып, Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстарының тұрғындарын қамтыды. Іс-шаралар барысында Агенттік өкілдері бюджетті сауатты басқаруға және шығындарды бақылауға мүмкіндік беретін қаржылық жоспарлау қағидаттары туралы айтып, сондай-ақ өңір тұрғындарын несиелеу мәселелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.
Спикерлер цифрлық сауаттылық мәселелеріне ерекше назар аударды. Облыс тұрғындарына жиі кездесетін алаяқтық схемалары, фишингтік сайттар арқылы азаматтардың жеке деректерін ұрлау, алаяқтардың банктік қауіпсіздік қызметтері немесе несие алу үшін сатып алушы ретінде жасырынумен байланысты жиілеп кеткен фактілері туралы ескертілді.
«Егер сіздің жеке және төлем деректеріңіз киберқылмыскерлердің қолына түссе, олар сіздің онлайн немесе мобильді банкингті бұзып кіріп, алаяқтық жолмен несие ресімдей алады. Сіз өзіңіздің атыңызға заңсыз несие рәсімдеу фактісін тоқсанына бір рет жүйелі түрде тексеріп отыруды қажет ететін несие тарихының көмегімен анықтай аласыз. Жеке несие есебін Мемлекеттік кредиттік бюродан, Бірінші кредиттік бюродан, ХҚО-лардан немесе egov.kz порталы арқылы алуға болады», – деп ескертті Агенттік өкілдері.
Срндай-ақ, оқыту іс-шараларына «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ өкілдері де қатысып, жиналғандарға Қазақстанның зейнетақы жүйесі, олардың зейнетақы жинақтарын қалай сауатты басқару керек, ерікті зейнетақы жинақтары дегеніміз не, жинақтарды басқарушы компанияларға қалай аудару керектігі туралы айтып берді.
Барлығы ағымдағы жылдың 5-30 маусым аралығында. 580 тыңдаушыны қамтыған 13 тренинг өткізілді. Шара қорытындылары бойынша өңір тұрғындары оқудан алған әсерлерімен бөлісіп, несиелік өнімдерді дұрыс пайдалану, сондай-ақ мерзімі өткен берешектерді реттеу бойынша жеке кеңестер алды.
Қаржылық сауаттылықты арттыру бойынша келесі оқыту іс-шаралары 2023 жылғы 14 тамыз бен 4 қазан аралығында Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Алматы, Ақмола, Қарағанды және Ұлытау облыстарыны.