Шағын несиені рәсімдеу және беру тек ресми сайт (www.asiancreditfund.com) және Компанияның бөлімшелері арқылы жүзеге асырылатындығы туралы хабарлаймыз. Егер сізге басқа сайттар, делдалдар арқылы немесе ақы төлеу арқылы АНҚ-да шағын несие алуға ұсыныс берілсе, бізге 5061 нөміріне хабарласыңыз (ұялы телефоннан тегін). Сақ болыңыздар! Алаяқтардан сақ болыңыздар!
АНҚ клиенттердің талаптарына сәйкес әзірленген топтық ынтымақтастыққа негізделген жеке кепілді және кепілсіз сияқты бірқатар өнімдерді ұсынады. Барлық шағын несие теңгемен және кем дегенде 6 ай істеп тұрған бизнеске беріледі. Бастапқы бизнеске шағын несие топтық шағын несие шеңберінде берілуі мүмкін.
Алматы қаласында қызмет көрсете алмаймыз, бірақ, сіз шағын несие алу үшін біздің Есік немесе Ұзынағаш кеңселерімен хабарласаңыз болады.
Топтық шағын несие беру
Топтық шағын несие — бұл үй шаруашылығын қолдауға және дамытуға арналған, топ мүшелерінің ынтымақтастығы негізінде құрылған кепілсіз шағын несие. Біздің тұтынушыларымыз, сауда мен қызмет көрсету, мал шаруашылығы және жер өңдеу, үй шаруашылығы және қолөнершілікпен айналысатын іскер адамдар тобы, сонымен қатар мемлекеттік және коммерциялық ұйымдардың қызметкерлері.
- Кепілсіз, топтық ынтымақтастық
- Топ құрамы — 3 адамнан 10 адамға дейін
- Шағын несие сомасы — топтың бір қатысушысына 30 000-нан 1.0 млн теңгеге дейін
- Шағын несие мерзімі — 6 айдан 24 айға дейін
- Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 49,5%
Өтеудің болжамдық есебі
Сомасы | Мерзімі | Төлем 1 айда, тг. | Қосымша төлем, тг. |
200 000 | 12 | 20 595 | 47 145 |
24 | 12 346 | 96 299 | |
500 000 | 12 | 51 489 | 117 862 |
24 | 30 865 | 240 749 |
- Жеке куәлік
- Кәсіпкерлік қызметін болуын растайтын құжаттар, егер кәсіппен айналысса
- Микроесиелер кепілсіз беріледі
- Құжаттардың минималды пакеті
- Өтінімдер қарастырылатын қысқа уақыт және микронесие алу
- Ұзақ мерзімді ынтымақтастық
- Бизнес, ауыл шаруашылығын және үй шаруашылығын жүргізу жөнінде кеңес беру
Жеке шағын несие беру
Кепілсіз жеке шағын несие — айналымдағы капиталды толықтыру, жабдықтар, мал сатып алу және тұтыну мақсаттарын қанағаттандыруға арналған қарыз.
- Шағын несие сомасы — 100 000 теңгеден бастап 1 500 000 теңгеге дейін
- Шағын несие мерзімі — 6 айдан – 24 айға дейін
- Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 53,9%
Өтеудің болжамдық есебі
Сомасы | Мерзімі | Төлем 1 айда, тг. | Қосымша төлем, тг. |
200 000 | 12 | 20 900 | 50 804 |
24 | 12 674 | 104 165 | |
500 000 | 12 | 52 251 | 127 009 |
24 | 31 684 | 260 413 |
- Жеке куәлік
- Неке туралы куәлік (болса)
- Бизнесінің болуын растайтын құжаттар
- Шағын несие алушының жылжымайтын мүлікке немесе жер учаскесіне құжаттары
- Құрылыстың немесе жөндеудің болжамалы бағалау
- шағын несие кепілсіз беріледі.
- Әрбір клиентке жеке көңіл бөлу
- Өтінімдерді жылдам қарастыру
- Бизнес жүргізу жөніндегі тегін кеңестер
- Ұзақ мерзімді ынтымақтастық
Кепілзаттық жеке шағын несие
Кепілзаттық жеке шағын несие — бұл бизнесті дамыту және кеңейту, коммерциялық және тұрғын жылжымайтын мүлікті жөндеу, ауыл шаруашылығын қолдау және тұтынушылық мақсаттарды қанағаттандыру үшін берілетін қарыз.
- Шағын несие сомасы — 1 500 000 теңгеден бастап 53 000 000 теңгеге дейін
- Шағын несие мерзімі — 6 айдан – 60 айға дейін
- Комиссиялық алымсыз
- Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 37%
Өтеудің болжамдық есебі
Сомасы | Мерзімі | Төлем 1 айда, тг. | Қосымша төлем, тг. |
1 500 000 | 12 | 155 226 | 362 712 |
24 | 93 409 | 741 816 | |
36 | 73 926 | 1 161 336 | |
3 000 000 | 12 | 307 415 | 688 980 |
24 | 183 563 | 1 405 512 | |
36 | 144 330 | 2 195 880 | |
5 000 000 | 12 | 507 321 | 1 087 852 |
24 | 300 563 | 2 213 512 | |
36 | 234 750 | 3 451 000 |
- Жеке куәлік
- ЖСН
- Кәсіпкерлік қызметтің болуын растайтын құжаттар. Зейнетақы алатын жағдайда — зейнеткер кітапшасы, ресми жұмыс болған жағдайда — жалақы туралы анықтама
- Болжамды кепілдік қамтамасыз етуге құқық беретін құжаттардың түпнұсқалары
- Неке қию/неке бұзу туралы куәлік (болған жағдайда)
- Халыққа қызмет көрсету орталығының № 2 нысаны «Жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы ақпарат»
- Шағын несие қарастыру кезіндегі жеке көзқарас
- Шағын несие өтінімді жылдам алдын ала қарау (біз сіздің және өз уақытымызды бағалаймыз)
- Икемді өтеу кестесі мүмкіндігі
- Сіздің бизнесіңізді дамыту және кеңейту бойынша тегін консультациялар
- Келесі шағын несие кезінде пайыздық мөлшерлемені төмендету көзделген
Тұрғын үй-энергия үнемдегіш Шағын несие
Тұрғын үй-энергия үнемдегіш шағын несие — көмек көрсету, негізінен, ауылды аймақтардың тұрғындарына энергия үнемдеуші элементтері бар тұрғын үй-жайларында жөндеу және құрылыс жұмыстарын жүргізуде көмек көрсетуге арналған микронесие.
Шағын несие мақсаты
- Тұрғын/коммерциялық үй-жайларды жөндеу және қайта құрылымдау:
- терезе және есік ойықтарын жылылау, есіктер мен терезелер орнату, ауыстыру
- шатырларды жылылау, жабын ауыстыру
- тұрғын үй құрылымдарын: мансарда, іргетас, төбе, т.б. жылылау
- үйді сыртынан және қабырғаны ішінен жылылау
- еден жабынын ауыстыру, еденді жылылау
- Жылу жүйелерін орнату/ауыстыру:
- жылыту радиаторларын ауыстыру
- энергия үнемдеуші қазандықтарды орнату
- пеш жылу жүесін ауыстыру (қатты отындағы пештер)
- газ жылуын жүргізу
- Жаңартылатын энергия көздері.
- Шағын несие сомасы — 100 000 нан 1 500 000 теңгеге дейін
- Шағын несие мерзімі — 6 айдан — 24 айға дейін
- Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі 54,18%
Графики по погашениям
Сомасы | Мерзімі | Төлем 1 айда, тг. | Қосымша төлем, тг. |
500 000 | 12 | 52 251 | 127 012 |
24 | 31 684 | 260 416 | |
1 500 000 | 12 | 156 752 | 381 024 |
24 | 95 050 | 781 200 |
- Жеке куәлік
- Қызметінің болуын растайтын рұқсат құжаттары (болса)
- Бизнесінің болуын растайтын құжаттар
- Шағын несие алушының жылжымайтын мүлікке немесе жер учаскесіне құжаттары
- Құрылыстың немесе жөндеудің болжамалы бағалау
- Кепілсіз
- Ыңғайлы өтеу кестесі
- Өтінімді жылдам қарастыру
- Жөндеу-құрылыс жұмыстары мәселелері бойынша тегін кеңес беру
- Ұзақ мерзімді ынтымақтастық