5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

28 мамыр — Дүниежүзілік аштықпен күрес күні: АКФ-ның ТДМ 2-ні іске асыруға қосқан үлесі

Жыл сайын 28 мамырда әлемдік қауымдастық Дүниежүзілік аштықпен күрес күнін (World Hunger Day) атап өтеді. «Азия Кредит Қоры» (АКФ) үшін бұл күннің маңызы зор, өйткені БҰҰ-ның Тұрақты дамудың 2-мақсаты (ТДМ 2) — «Аштықты жою» — біздің қызметіміздің басым бағыттарының бірі болып табылады

АКФ ауыл шаруашылығы және жеке қосалқы шаруашылық саласындағы клиенттерді қаржыландыру арқылы ауыл экономикасының тұрақтылығын белсенді түрде қолдайды. Біз шағын өндірушілер мен фермерлерді қолдау — елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауылдық қауымдастықтардың әл-ауқатының негізі деп білеміз

Біздің жетістіктеріміз (өзекті есептік деректер бойынша):
АКФ белсенді портфелінің 83%-ы ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды қолдауға бағытталған;
Клиенттеріміздің 92%-ы — қаржылық ресурстарға қол жеткізу арқылы дамуға мүмкіндік алған ауылдық аймақтардың тұрғындары;
Бүгінгі таңда компанияның 40 165 клиенті ауыл шаруашылығы секторында белсенді жұмыс істеуде;
40,5 млрд теңге — АКФ-ның ауыл шаруашылығын қаржыландыруға бағыттаған қаражатының жалпы көлемі.

Агробизнесті қаржыландыру арқылы АКФ тек несие беріп қана қоймай, жұмыс орындарын құруға, ауылдағы еңбек өнімділігін арттыруға және Қазақстан өңірлерінің экономикалық тұрақтылығын нығайтуға ықпал етеді. Біз клиенттеріміздің аштықпен күресуге және азық-түлік тұрақтылығын қамтамасыз етуге қосып жатқан өлшеусіз үлесін мақтан тұтамыз