«Азия Кредит Қоры» (АКФ) персоналды басқару саласындағы Қазақстандағы басты оқиғалардың бірі — «HR-бренд» жыл сайынғы конференциясына қатысты. Шараға 300-ден астам кәсіби маман мен еліміздің 60 жетекші компаниясының өкілдері жиналды
Басты тақырыптар мен трендтер
Талқылаудың негізгі өзегі заманауи технологиялар мен жасанды интеллектті қолдану болды. Спикерлер заманауи шешімдер күнделікті қайталанатын істерді, құжаттарды тексеру мен есептерді өз мойнына алуы тиіс екенін атап өтті. Бұл қызметкерлердің клиенттермен тікелей араласуына және шығармашылық міндеттерге көбірек уақыт бөлуіне мүмкіндік береді. Конференцияның негізгі ойы — технология адамды алмастырмайды, керісінше оның жаңа деңгейде жұмыс істеуіне жол ашады
Қарапайымдылық пен жылдамдық
Сарапшылар компаниялардың жұмыс жылдамдығына ерекше назар аударды. Қазіргі таңда басты тәуекел — баяу жұмыс істеу және артық келісімдер (бюрократия). Қатысушылар жұмыс процестерін жеңілдету қажеттілігін талқылады: егер қандай да бір іс-әрекет немесе артық қол қою қауіпсіздік пен қаржыға тікелей әсер етпесе, бизнестің жедел дамуы үшін одан бас тартқан жөн
Цифрлық әлемдегі бедел
Спикерлердің пікірінше, бүгінде компанияның имиджін ресми жарнама емес, интернеттегі шынайы пікірлер мен қызметкерлердің әлеуметтік желілердегі өз жұмысы туралы әңгімелері қалыптастырады. Команданың «жанды» дауысы мен шынайы оқиғалары кез келген ресми ақпаратқа немесе буклеттерге қарағанда үлкен сенім ұялатады
«HR-бренд» конференциясына қатысу АКФ-қа озық тәжірибелер мен заманауи құралдарды енгізуге мүмкіндік береді. Бұл біздің үлкен ұжымымыз үшін жұмысты тиімдірек әрі қызықты етуге бағытталған маңызды қадам