Бақылау кеңесі

Бақылау кеңесінің төрағасы

БезымянныйДжим Андерсон

Джим Андерсон 2013 жылдан бастап АНҚ Бақылау кеңесінің тұрақты мүшесі болып табылады. 2005-2011 жж. ол сондай-ақ АНҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болған. Джим Андерсонның Орталық Азия мен Моңғолиядағы банктік және микроқаржылық ұйымдардың қызметімен байланысты мол еңбек тәжірибесі бар. Ол 2013-2018 жж. Қырғызстандағы Компаньон Банкінде тәуекелдер жөніндегі маман, 2011-2013 жж. Лаостық PDR-да UNCDF (БҰҰ Капиталды даму қоры) аға техникалық кеңесші болып еңбек еткен. 2003-2011 жж. ол MercyCorps микроқаржылық мекмелер желісін қолдау шеңберінде Моңғолияда XacBank MercyCorps’ аға техникалық кеңесшісі, және Улан-Баторда қаржылық қызметтер жөніндегі менеджер болып жұмыс істеген. Сонда-ақ, ол Орталық Азияда IFC инвестициялық маман болып істеген. Джим Андерсон Нью-Йорк пен Токиода коммерциялық ұйымдарға банктік қызмет көрсету саласында басшы лауазымдарда 15 жылдан аса тәжірибеге ие. Қазіргі уақытта Джим Андерсон Брюссельдік Alterfin инвестициялық комитетінің мүшесі және Моңғолиялық ARD FinancialGroup Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

 

АНҚ Бақылау кеңесінің мүшелері

 

КристианКристиан Андерсен

ВОРА холдингілік компаиясының Бас директоры болып табылады

Кристиан Андерсеннің Азиядағы бизнесті басқару саласындағы 15 жыдық жұмыс тәжірибесі бар. Шағын несиелеу саласына 2015 жылдан бастап тартылды. Ол 2013 жылдан бастап қоссалқы құрылтайшысы болып табылатын Baseof Pyramid Asia (BOPA) үшін жарайтын серіктестер іздеуге байланысты өзі Азия мен Латын Америкасындағы 60 МҚҰ барып қайтты. ВОРА негізгі қызметі дамуының алғашқы кезенінде тұрған акционерлік капиталға инвестициялауға бағытталған холдингілік компания болып табылады.
Кристиан Швейцариядағы Халықаралық Басқарушылық даму институтының іскерлік әкімшіліктендіру (МВА) саласындағы магистр дәрежесіне және Дүниежүзілік банк/Азиялық даму банкінің шағын несиелеу бойынша жаттықтырушы сертификатына ие.
Кристиан CGAP (Аз қамтылғандарға көмек көрсету жөніндегі кеңестік топ), BRAC (Бангладеш ауыл шаруашылығын дамыту комитеті) және Бас микроқаржыландыру институтының түрлі микроқаржылық тренингтеріне қатысқан.

 

Сенад Синанович

Босния-Герцеговинадағы Партнер Микроқаржылық Қорының директоры

Сенад Синановичтың микроқаржы саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. Ол өзінің еңбек жолын 1997 жылы кредиттік қызметкер лауазымынан бастады. Кейіннен ол кредиттік менеджер және филиал директоры лауазымдарында жұмыс істеп, 2000-ы жылы Партнер Микроқаржылық Ұйымының директоры лауазымына тағайындалды.

Сенад Синанович Косоводағы Қаржы Агенттігі, Микроқаржы Ұйымдары Ассоциациясының және Үкіметтік Емес Ұйым «Қаржы және Несиелік Көмек Орталығы»(жаңа атауы «U plusu») сияқты ұйымдарда Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

 

Марко де Натале

NIRAS International Consulting стратегиялық қаржы/қорларды басқару бөлімінің басшысы

Марконың әртүрлі аймақтарда 22 жылдық инвестициялық банктік тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта ол NIRAS International Consulting компаниясында стратегиялық қаржы/қорларды басқару бөлімінің басшысы және жаңа лауазымына дейін Берлиндегі LFS Advisory компаниясында стратегиялық қаржы менеджері болды. Бұған дейін Марко ТМД аймағындағы жеке үлестік компанияның бас директоры және тең құрылтайшысы болды, сондай-ақ Әзірбайжан мен Ресейдегі жетекші микроқаржы институттарында бас директоры және қаржылық директор лауазымдарында, сондай-ақ Женевадағы BlueOrchard Finance бөлімінің менеджері болып жұмыс істеген.

Марко өз мансабын Лондон қаласындағы Barclays Capital, Credit Suisse және Merrill Lynch компанияларында капитал нарығындағы 10 жыл жоғары лауазымды қызметтерінен бастады.

Марко Стэндфорд Университетінің магистр дəрежесіне ие жəне Stonier АВА Банк ісі мектебі (Пенсильвания Университеті / Уортон/) жəне Оксфорд Университетінің Финтех бағдарламасының түлегі болып табылады.

 

Дон Гинсел

Құрылтайшы және бас атқарушы директор, Holland Fin Tech

Дон Гинсел – инженер-құрылысшы және бұрындағы банк қызметкері, ABNAMRO және Deutsche Bank банктерінде жұмыс істеді. Венчурлық капиталдар саласында аз уақыт жұмыс істегеннен кейін ол жаңа жобалар үшін стратегиялық және қаржы мәселелері бойынша және өнеркәсіптік масштабтарын арттыруға қатысты кеңесші және консультант ретінде жұмыс істей отырып, кәсіпкерлікпен айналысты. Сол кезде ол кәсіпкерлерге инвестицияларды тарту арқылы қолдау көрсету мақсатында құрылған Capital Waters қорының қосымша құрылтайшысы болды.
2014 жылы Дон қаржы саласының өзгеру артықшылықтарын жақсы жағына қарай өзгертуге ұмытыла отырып, Еуропадағы ең ірі қаржылық инновациялар экожүйелірінің бірі Holland Fintech ұйымын құрды. Қазіргі уақытта Дон басшы лауазымын атқарып отыр және бизнестің цифрлық технологияларға ауысуына, қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту және бүкіл әлем бойынша инновациялар туралы білімдердің таралуына көмектесетін бірнеше компанияда басқарма мүшесі болып табылады.

 

Талғат Салихов

Қаржылық кеңес беру және меншік инвестициялар бөлімшесінің басшысы, басқарма мүшесі, «Tengri Partners Investment Banking» АҚ, Қазақстан

Талғаттың “Price water house Coopers” және “Стратегиялық Бастамалар орталығы” сияқты түрлі белгілі қаржылық ұйымдардағы 8 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта ол Қазақстандағы «Tengri Partners Investment Banking» АҚ Қаржылық кеңес беру және меншік инвестициялар бөлімшесінің басшысы болып табылады. Талғат корпоративтік қаржыларды тарту мен құрылымдастыру (қарыздық және меншік капталды) және бизнесті дамыту саласындағы терең білім мен тәжірибеге ие.

Талғат Ұлыбритания, Лондондағы Империялық колледжінің көлік және бизнесті басқару мамандығы бойынша магитср дәрежесін алған, сондай-ақ Ұлыбритания, Ноттингем университеті азаматтық құрылыс факультетінің түлегі.

 

Досым Қыдырбаев

Басқарушы серіктес, Ракурс консалтинг груп, Қазақстан

Досымның мұнай өндіру саласы, жергілікті және халықаралық компаниялардағы қаржы және консалтинг саласындағы 25 жылдық еңбек тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта ол Қазақстан, Rakurs Consulting басқарушы серіктесі болып табылады. Компания, мемлекеттік құрылымдарды, квази-тәуелсіз холдингілер, ұлттық және меншік компаниядарды қосқанда, көптеген клиенттерге қаржылық және стратегиялық консалтинг қызметтерін ұсынады. Сонымен қатар, ол цифрлық картография, модельдеу, қашықтан зондтау саласы мен түрлі салалардағы: биоресурстар, ауыл шарушалығы, су жүйесі, экология, қалалық шаруашылық, туризмдегі аналитика бойынша АТ-шешімдер ұсынатын RakursTech компаниясында бас менеджер болып жұмыс істейді. Оның негізгі тәжірибесі бизнесті дамыту, аналитикалық зерттеулер жүргізу, қаржылық исклюзивтілік мәселелері, стратегияларды әзірлеу, сондай-ақ кеңістік және аумақтық даму мәселелерімен байланысты.

Досым «Tengri Partners Investment Banking» АҚ, «Алматы даму орталығы» АҚ, «Қазақстандағы Франция сауда палатасы», «Лизинг Групп» АҚ және