Азиялық Несие Қоры (АНҚ) Отбасылық бизнес қауымдастығымен бірлесе отырып, еліміздің өңірлеріндегі шағын және микро-бизнесті қолдауға бағытталғаг «АЛАУ» білім беру жобасының пилоттық кезеңін табысты аяқтады.
Кәсіпкерлік дағдыларды дамыту
2024 жылдың қазан айынан желтоқсан айына дейін Қазақстанның 10 өңірінің 1 000 аса кәсіпкері бизнесті жүргізудің негізгі аспектілері бойынша білімдік бағдарламаларға қол жеткізе алды, олардың ішінде:
Бизнес-модельдеу
Қаржылық сауаттылық
Кассалық айырмаларды басқару
Бизнестің бағытын таңдау және стратегиялық даму
Бағдарлама екі түрде – онлайн және оффлайн, сондай-ақ барынша көп мөлшерде қатысушыларды қамти отырып, екі тілде – орыс және қазақ тілдерінде жүргізілді.
Жобаның негізгі нәтижелері:
Жетекші бизнес мамандарымен 8 сараптамалық кездесу өткізілді.
Оқыту және тәжірибе алмасу үшін Телеграм- және YouTube-каналдар құрылды.
Кәсіпкерлер үшін жеке консультациялар ұйымдастырылды.
1 000 аса қатысушы онлайн-оқытудан өтті.
500 аса кәсіпкер ашық кездесулерге қатысты.
Жобаның негізгі бағыты болып білім алмасу, серіктестер іздеу және жергілікті бизнесті дамытуға көмектесетін кәсіпкерлік қауымдастықтар құру табылды. АНҚ жанынан бизнес-клубтар – кәсіпкерлердің өзара әрекеттесу орталықтарының жұмысы басталды, олар нетворкинг, менторлық және білімідік бастамалар үшін тәжірибелік алаңдарға айналатын болады.
«Өңірлерде шағын және микро-бизнесті дамыту тұрақты экономикалық өсудің негізі болып табылады. Біз «АЛАУ» жобасының кәсіпкерлерге құнды білім алып қана қоймай, кейінгі даму үшін қолдауға ие болатындығын кқруге қуаныштымыз. Бұл бизнес-ортаны нығайту және экономикалық белсенділікті арттыру жолында,ы маңызды қадам. Оқыту мен консультациялық қолдау – кәсіпкерлерге өсуге және өз бизнесін сенімді дамытуға көмектесетін күшті құралдар», – деп атап өтті АНҚ тарапынан жоба жетекшісі Зарина Джекебекова.
«Біз шағын бизнесте, әсіресе өңірлердегі бизнесте орасан зор әлеуетті көріп отырмыз. Біздің мақсат – жай ғана ақпарат беру емес, кәсіпкерлер өсіп, ынтымақтастық орнатып, қолдауға ие бола алатын экожүйені құру. «АЛАУ» жобасы – бұл осы бағыттағы маңызды қадам» – деп түйіндеді Отбасылық бизнес қауымдастығының жетекшісі Яна Искакова.
2025 жылға қойылған жоспарлар
Пилоттық кезеңнің табысты іске қосылуын ескере отырып, «АЛАУ» бағдарламасы 2025 жылы кеңейтілетін болады. Басты назарда – өңірлік бизнес-қауымдастықтарды дамыту және кәсіпкерлердің қаржылық сауаттылығын арттыру. Қосымша, 2025 жылы өңірлердегі перспективті бизнес-бастамаларды қолдауға бағытталған «100 жеңілдік кредиттері» бағдарламасы іске қосылады. Бұл бастама кәсіпкерлерге өз жобаларын дамыту үшін тиімді шарттармен қаржыландыруға ие болуға мүмкіндік береді.
«АЛАУ» бағдарламасының бөлігі болғыңыз келе ме?
Бізбен байланысыңыз:
«Азиялық Несие Қоры» МҚҰ» ЖШС
Байланыс тұлғасы: Джекебекова Зарина
Email: info@acfund.kz
«АЛАУ» қозғалысына қосылыңыз – біз бірге Қазақстандағы бизнесті дамыту үшін қолайлы орта құрамыз!