5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Азиялық Несие Қоры алғашқы рет Қазақстандық қор биржасында облигациялар шығарды

2024 жылғы 27 қараша «Азиялық Несие Қоры» (АНҚ) компаниясының тарихына айтулы күн ретінде енді – біз өз облигацияларымызды Қазақстан қор биржасында (KASE) орналастыра отырып, қор нарығына алғаш рет шықтық.
Бұл қадам 27 жылдық жұмыс барысында АНҚ-ның тұрақты өсуін және одан әрі дамуға деген ұмтылысымызды көрсетеді. Облигациялар шығару компанияға өзінің қаржылық позициясын нығайтуға ғана емес, сонымен қатар микроқаржыландырудың ауқымы мен қолжетімділігін кеңейте отырып, Қазақстанның ауылдық өңірлеріндегі кәсіпкерлер мен отбасыларды қолдау үшін жаңа мүмкіндіктер ашуға мүмкіндік береді.
Осы оқиғаға түсініктеме бере отырып, АНҚ Басқарма төрағасы Жанна Жакупова төмендегідей атап өтті: «KASE-те облигациялар шығару – бұл біздің компания тарихындағы маңызды кезең. Біз акционерлерімізге, серіктестерімізге және командамызға осы мақсатқа үлес қосқаны үшін алғыс айтамыз. Бұл шығарылым дамудың жаңа перспективаларын ашады және өмірлері мен бизнестерін жақсарту үшін қаржылық ресурстарға мұқтаж адамдарға қолдау көрсету арқылы өз миссиямызды жалғастыруға көмектеседі».
АНҚ – ауыл халқына шағын несие беруге маманданған Қазақстанның ірі микроқаржы ұйымдарының бірі. Соңғы жылдары компания тұрақты өсуді көрсетіп отыр: активтер көлемі 2024 жылдың қараша айының басында 43 млрд теңгеге, кредиттік портфель – 36 млрд теңгеге жетті, ал клиенттер саны 45 мыңнан асты. 27 жыл ішінде АНҚ жалпы сомасы 328.0 млн. АҚШ долларына 132 000 клиентке 320 000-нан астам шағын несие берді.
Жақсы ойластырылған корпоративтік құрылымы, кәсіби штаты және сенімді беделінің арқасында АНҚ ұзақ мерзімді нәтижелерге бағытталған тұрақты қаржы жүйесін дамыта отырып, алға жылжуды жалғастыруда.
Облигациялар мен компания туралы толығырақ ақпаратты сіз біздің ресми сайттан: www.acfund.kz, сондай-ақ KASE сайтының «Эмитенттер» бөлімінен таба аласыз. Облигацияларды сатып алу сұрақтары бойынша call center 5061 хабарласуға болады.