5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

АНҚ: 27 жыл бойы тұрақты даму және Қазақстанның ауылдық үй шаруашылықтарына қолдау көрсету

2024 жылдың қараша айында біз компаниямыздың тарихындағы маңызды кезеңді – Азиялық Несие Қоры (АНҚ) негізінің қалауының 27 жылын атап өтеміз. Ширек ғасырдан аса уақыт біздің компания бүкіл Қазақстан бойынша қаржылық және қаржылық емес қызметтер ұсына отырып, ауылдық үй шаруашылықтары мен шағын бизнесті қолдап келеді. Өзінің құрылған сәтінен бастап АНҚ Қазақстанның 10 аймағында 132 000 клиентке қолдау көрсетіп, отбасыларының тұрақтылығын нығайтуға және кәсіпкерлікті дамытуға көмектесті. Бүгінгі таңда бізідң кредиттік портфель 43 миллиардтан асты, бұл біздің тұрақты даму мен қаржылық инклюзияға қосқан үлесімізді көрсетіп отыр.

Осы 27 жыл ішінде АНҚ тек қаржы ұйымы ғана емес, адамдарға өз мақсаттарына жетуге және қиындықтарды жеңуге көмектесетін сенімді серіктес болды. Біз әлеуметтік жауапкершілік, тұрақты даму және клиенттерімізді қолдау принциптеріне берілгендігімізді мақтан тұтамыз.

Біз осы жолда бізбен бірге болғандардың барлығына — біздің адал командамызға, клиенттерімізге және серіктестерімізге алғыс айтамыз. Біз бірге жаңа мүмкіндіктер жасау, өмірді жақсарту және қауымдастықтарды дамыту бойынша жұмысты жалғастырамыз.Сенімдеріңіз үшін рахмет! Алда бізді жаңа жетісітктер мен ортақ табыстар күтіп тұр.