Әлеуметтік жауапкершілік

АНҚ стратегиялық филантропия бағдарламасының бір бөлігі ретінде ауылдағы жастарды қолдауға бағытталған қоғамдық жобалар жүргізеді.

Стратегиялық филантропия АКФ. 2002—2006

Жеке секторға бизнес ұйымдардың халықтың әл-ауқаты төмен топтарының күнделікті өміріне қандай оң үлес қоса алатындығын көрсету мақсатымен 2002 -2006 жылдар аралығында АНҚ аул жастарына бағытталған кешенді стратегиялық қайырымдылық бағдарламасын жүзеге асыруда.

  • Philanthropy1
  • Philanthropy2
  • Philanthropy3
  • Philanthropy4
  • Philanthropy5

$10,000 сәл астам соманы инвестициялап:

  • АНҚ 5 қауымның 400 жуық адамның өміріне тікелей және мектептердегі спорттық ойындарға қолдау көрсету жолымен жанама септігін тигізді,
  • аулдағы әл ауқаты төмен отбасынан шыққан жасөспірімдерге аса сұранысқа ие кәсіп бойынша білім алуларына 8 толық жәрдем стипендиясын тағайындады,
  • ауқаты төмен отбасынан шыққан 115 жасөспірімнің жетекшілік және іскери машықтарын дамытуға қолдау көрсетті,
  • Семей қаласы мен Алматы облысындағы Фабричный ауылында экологиялық шаралар өткізу үшін 164 оқушының басын қосты,
  • жасөспірімдердің берік өмірлік ұстанымдарын қалыптастырып, қоршаған өмірге бейімделуге көмектесуге бағытталған «Ересек өмір табалдырығында» (“At the Beginning of the Journey to Adulthood” ) атты 100 жуық кітап таратты,
  • Алматы маңындағы ұйғырлар шоғырланған ауылда үлкен қауымдық спорт алаңын салуда көшбасшы болып, АНҚ жұмыстарды аяқтауға 5 компанияны тартты.

2014 жылы АНҚ, халықтың әлеуметтік осал қабаттарын қолдауға бағытталған стратегиялық қайырымдылық жобаларын өткізу жұмысын қайта қолға алды. Келесі әлеуметтік бағыттарға АНҚ тарапынан жыл сайын қолдау көрсетіліп тұрады:

  • Алматы облысының «Шелек ауылындағы облыстық мамандандырылған балалар үйі» мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесі. АНҚ, жалпы ауданы 150 ш.м. құрайтын бес орынжайды жөндеді, сондай-ақ балалар үйіне қажетті болып табылатын түрлі техниканы, ортопедиялық аяқ киімді, ойыншықтарды сатып алды;
  • ОҚО-дағы аз қамтылған отбасыдан шыққан мектеп оқушысы оқу маусымына қарай қатарынан екі жыл бойы мектеп киімі және керек-жарақтарымен қамтамасыз етілді.