АНҚ мансап

Азиялық Несие Қоры – барлығын бір ортақ мақсат – еліміздің ауылдық тұрғындарына қолжетімді және тиімді қаржылық қызметтер ұсыну мақсаты  біріктіретін ниеттестер командасы.

АНҚ ауылдық үй шаруашылықтарына несие бере отырып, Қазақстан экономикасының дамуына өз үлесін қосады, кәсіпкер әйелдерді қолдауға ерекше назар аударады, өмір сүру сапасын жақсарту үшін қаржылық білімдер береді.

Біз АНҚ командасына біздің құндылықтарды бағалайтын, оқуға және жаңа машықтарды игеруге, еліміздің азаматтарына ауқатты, табысты және бақытты болуына көмектесуге дайын болатын кәсіпқойларды шақырамыз.

Азиялық Несие Қоры ұжымының бөлігі бола отырып, сіз мыналарға ие бола аласыз:

  • Қызықты және түрлі-түрлі жұмыс
  • Еңбекке әділ төлемақы
  • Кәсіпқой тілдесу
  • Оқыту және машықтарды дамыту
  • Өзін-өзі таныту
  • Сіздің жетістіктеріңізді мойындау
  • Табысты мансап құру
  • Пайдалы жобаларға қатысу

Егер сіз Азиялық Несие Қорымен бірге қарқынды өсіп және дамығыңыз келсе, мына мекенжайға сіздің түйіндемеңізді күтеміз: hr@acfund.kz.

1. Бизнесті дамыту жөніндегі бас маман (өңірлер – Қарағанды, Алматы облысы, Семей)

Міндеттері:

  • 3-6 қызметкерден құралған кеңсені басқару;
  • несиелік мамандардың қызметін үйлестіру үшін жауапты болу;
  • басшылықтың алдында өз уақытында есеп беріп тұру.

Талаптар:

  • жоғары экономикалық білім;
  • қаржы саласындағы жұмыс тәжірибесі;
  • компьютерді өте жақсы деңгейде меңгеру;
  • қазақ және орыс тілдерін білу;
  • командамен жұмыс істеу дағдылары, басқару қасиеті;
  • қызметтік іссапарға баруға дайын болу;
  • қатынасқа бейімділік, бастамашылдық.

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы;
  • ҚР ЕК талаптарына сәйкес ресімдеу;
  • тұрақты еңбекақы;
  • корпоративтік байланыстар;
  • қызықты жұмыс, мансап бойынша көтерілу келешегі.

2.Бизнесті дамыту жөніндегі аналитиктер (барлық өңірлерге)

Міндеттері:

  • клиенттерді тарту және оларға қызмет көрсету;
  • шағын және орта бизнесті несиелендіру;
  • несиелік құжаттаманы ресімдеу;
  • мониторинг.

Талаптар:

  • орта-арнайы немесе жоғары білім;
  • несиелендіру саласындағы жұмыс тәжірибесі (болса жақсы);
  • қатынасқа бейімділік;
  • компьютерде жұмыс істеу дағдылары, қазақ және орыс тілдерін білу;
  • адалдық, бастамашылдық.

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы;
  • ҚР ЕК талаптарына сәйкес ресімдеу;
  • тұрақты еңбекақы;
  • корпоративтік байланыстар;
  • қызықты жұмыс, мансап бойынша көтерілу келешегі.

3.Тәуекел менеджері

Талаптар:

  • кредиттік ұйымда кредиттік және операциялық тәуекелдерді талдау және оларды басқару, шығындардың туындау қатерін анықтау және тәуекел көздерін анықтау;
  • тәуекелдерді басқару әдіснамасын әзірлеу кредиттік және операциялық тәуекелдерді басқару саясаты мен рәсімдерін әзірлеуге жауап береді;
  • компанияның шығындарын болдырмау немесе азайту мақсатында белгіленген лимиттерде тәуекелдерді сақтау мақсаттарына қол жеткізуді бақылау;
  • компанияны дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларын әзірлеуге қатысу, жауапкершілік саласындағы тәуекелдерді басқару міндеттерін бюджеттерге дайындау.

Талаптар:

  • экономика және қаржы саласындағы жоғары білім, математика, математикалық талдау;
  • қаржы секторындағы тәуекелдерді басқарудың 3 жылдық тәжірибесі;
  • қатынасқа бейімділік;
  • тәуекелдерді басқаруды ұйымдастыру бойынша нормативтік-құқықтық базаны білу;
  • қаржылық талдау, жоспарлау және есеп беру тәжірибесі, практикада кредиттік және операциялық тәуекелдерді бағалау әдістерін білу;
  • Excel-ді жақсы білу, деректер массивтерімен жұмыс істеу мүмкіндігі;
  • ағылшын тілін білсе тіптен жақсы;
  • ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істей білу, нәтижелерге шоғырландыру, күшті аналитикалық дағдылар.

Шарттар:

  • 5 күндік жұмыс аптасы;
  • ҚР ЕК талаптарына сәйкес ресімдеу;
  • тұрақты еңбекақы;
  • корпоративтік байланыстар;
  • қызықты жұмыс, мансап бойынша көтерілу келешегі.

Факс: +7 (727) 250-61-90
Эл. пошта: hr@acfund.kz