2022 жылдың шілдесінде Азиялық Несие Қоры МҚҰ ЖШС (АНҚ) ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (ҚР ҚНРДА) жобасымен бірге @Fingramota.kz АНҚ клиенттері үшін қаржылық сауаттылық бойынша тренингтер топтамасын іске қосты.
Алғашқы алты тренинг Т.Рысқұлов, Түркістан, Шымкент филиалдарының кеңселерінде, Сарыағаш филиалының Шардара және Жетісай кеңселерінде, Тараз филиалының Сарыкемер және Құлан кеңселерінде өтті. Тренингтер қазақ тілінде өткізілді, сол себепті материалдар түсінікті болуы қамтамасыз етілді. Шақырылған спикерлер Калназаров Абилгазы Мамышович, Шымкент қ. ҚНРДА өңірлік өкілдіктер басқармасының бастығы, Тулепбергенов Даурен Абданович, Тараз қ. ҚНРДА өңірлік өкілдер басқармасының бастығы және Түркістан қ. ҚНРДА аймақтық өкілдері басқармасының маманы Сапахова Мадина Маратовна алаяқтықтың кең таралған тәсілдері мен қаржы пирамидаларының түрлері туралы айтып, оларды қалай тануға және жақындарынан қорғауға болатындығы туралы ұсыныстар берді. АНҚ оқыту бөлімінің мамандары “Қаржылық сауаттылық негіздері: бюджетті басқаруды және жинақтауды қалай үйренуге болады” тақырыбы бойынша презентациялар өткізді.
Тренингке АНҚ-ның 274 клиенттері келіп, одан әрі пайдалану үшін қажетті үлестірме материалдарын алды. Іс-шарадан кейін АНҚ клиенттері тренинг туралы өз әсерлерімен бөлісіп, кредиттеу бойынша жеке кеңестер алды.
Азиялық Несие Қоры шын жүректен @Fingramota.kz жобаға қатысқаны үшін алғысын білдіреді. АНҚ бірлескен жобаны қолдағаны және алға жылжытқаны үшін Қаржылық сауаттылықты арттыру басқармасының бастығы Ынтықбаева Сауле Кыдырхановнаға жеке алғысын білдіреді және тренингтерді компанияның басқа филиалдарында өткізу барысында ҚР ҚНРДА -мен одан әрі ынтымақтастыққа үміттенеді. АНҚ 2022 жылғы қыркүйекте Солтүстік филиалдардың клиенттері мен АНҚ қызметкерлері үшін ұқсас тренингтер өткізуді жоспарлап отыр.