2021 жылдың 3 наурызында АНҚ Атқарушы директоры Жанна Жакупова «COVID-19 дағдарыс пен цифрландыру» жалпы атаумен өткен вебинарлар топтамасының шеңберінде өткен Микроқаржылық орталықтың (MFC) «Сабырлық сақтаңыздар, бейімделіңіздер және жұмысты жалғастырыңыз» вебинарына қатысты. Бұл вебинар COVID-19 пандемиясына байланысты анықталған микроқаржылық компаниялардағы ағымдағы проблемаларды ашуға, МҚҰ портфельдері мен клиенттік базасын қалпына келтіруге қайту мүмкіндігінің мәселелерін көтеруге бағытталған. Өз сөзінде Жанна Жакупова АНҚ 2007-2009 жылдардағы дағдарысты жеңудегі тәжірибесімен және осы жағдайдан алған сабақтары АНҚ компаниясына COVID-19 байланысты дағдарыстан сүрінбей өтуге қалай көмектескені туралы ойларымен бөлісті. Сондай-ақ ол Қазақстанда енгізілген төтенше жағдай кезіндегі АНҚ клиенттерін қолдау шараларымен бөлісті. Біз Азиялық Несие Қорының тәжірибесі вебинардың барлық қатысушылары үшін пайдалы болды деп үміттенеміз.