Топтық несие
Есік қ., 2008 жыл
Бейбіткүл Тохтаметова, үш баланың анасы, жастай жесір қалған, 2008 жылдан бері АНҚ несие алып келеді. Алматының оңтүстік-шығысынан 45 километр жердегі шағын Есік қаласында тұрады. Күйеуі 2006 жылы көлік апатынан қаза болған, ол кезде Бейбіткүлдің үшінші баласына аяғы ауыр еді. Бейбіткүл күйеуі шағын іс бастау – базарда әйелдер киімін сату үшін алған несиені төлеуге тиіс еді. Отбасы тұрған үй жергілікті банкте кепілде тұрды. Бейбіткүл несиені төлеу үшін бар күшін салды.
Несие тарихының сәтті аяқталуына қарамастан, оның есінде үйден айрылып қалу қауіпі мен қиын уақыттағы қорғансыздық мәңгі қалды. Оны топтық несиенің жеңіл шарттары қызықтырды. Ынтымақтастық қағидасына негізделген топтық несие кепіл мүлкін талап еткен жоқ және әйелдерге қорғаныштық сезімін берді.
Топтық несиеге өтінім берген кезде жалпы 3 500$ болатын шағын сауда бизнесі қаражаттың жетпеуіне байланысты төмендей бастады. Бизнестен түскен бүкіл кіріс банкке төлеуге және өмір бойы қажет шығындарға жұмсалды. Сонымен қатар Бейбіткүл отбасылық пайдалану үшін арзан автомобиль сатып алуға мәжбүр болды. Кіші баласының ауыруы дірілмен жалғасатын. Оған үйден алыс орналасқан ауруханада күнделікті массаж алу қажет еді. Бір күні сәл болмағанда баласынан айрылып қала жаздады: жедел жәрдем машинасы өте кеш келді. Осы кезде оған автомобилім болса, баламды ауруханаға өзім апарар едім деген ой келді. Тапқыр іскер әйел ұсталған машинаны 5 000$ сатып алу үшін бизнесінен түскен табыстың бір бөлігінен жинаған ақшасын жұмсады. Бизнесін бастапқы деңгейіне қайтару үшін Бейбіткүл топтық несие алуды шешті. Таныстары мен достарынан топ құрды. «Топ сенімді болды, өйткені барлық қатысушыларын өзім танимын. Біз бірнеше циклден өттік, несие бизнесіміздің өсуі үшін пайдалы деп шештік», – дейді Бейбіткүл. Тауар айналымы қомақты өскендіктен, Бейбіткүл базарда екінші сауда орнын ашуды шешті. Бүгін оның жағдайы жақсы, ертеңіне сеніммен қарайды.