Тұрғын Үй Энергия Үнемдеуші Несие
Шелек а., 2012 жыл
Алпыс екі жастағы Меруерт Исмаилова жолдасы Айтқожамен, 10 жасар немересі Жазирамен бірге Қазақстан Республикасының қаржы астанасы – Алматы қаласынан 105 шақырым жерде Лавар ауылында тұрып жатқанына 5 жыл болды.
2007 жылы Меруерт пен Айтқожа зейнеткерлікке шығып, ауасы жоқ Алматы қаласынан таза ауаға, өз туған ауылы Лавар ауылына көшуге шешті. Екеуі де күш-қайратты болғандықтан, өз бизнесін – азық-түлік дүкенін ашпақшы болып, жинаған ақшасына сатып алынған жер теліміне дүкен салды. Дүкен құрылысынан қалған ақша тек қана бір бөлмелі времянка құрылысына, қосалқы шаруашылық үшін екі сиыр сатып алуға жетті. Бүгін шағын фермада төрт сиыр мен төрт бұзау бар.
Екі бастама да табысты болып, ай сайын тұрақты кіріс әкеліп тұрды, Меруерт кірісін келесі жобаға – времянканың жанындағы жаңа үй құрылысына жұмсады. Құрылыс 2012 жылғы маусымда басталды. Отбасы жинаған ақшасына үйдің іргетасы мен қабырғасын салды. Үй құрылысын кірістің болуына қарай біртіндеп бітіру жоспарланды. Ол кезде Меруерт топтық несие беру бағдарламасы бойынша АНҚ қарыз алушысы еді. АНҚ несие тарихы 2011 жылдың сәуір айынан басталған. Қысқа мерзімге шағын несиелер отбасылық бюджетті толықтырып, айналым капиталын толықтыруға, бизнес қажеттіліктерін қанағаттандыруға ғана көмектесті.
2012 жылдың тамыз айында Меруерт АНҚ жаңа өнімі – ТЭЖН туралы білді, дәл осы кезде үй құрылысы жылыту сатысында еді. Үйде еден жылытылып, пластикалық терезелер қойылды. АНҚ несие маманымен сөйлесу барысында қабырғаны тиісті түрде жылыту жалпы үйдің энергия тиімділігін шамамен 30% арттыратындығын білді. Сондай-ақ несие маманы Гулизар Ұлпанова қазіргі бар қарапайым және қол жетімді энергия жинақтаушы технологиялар мен материалдарға қатысты кеңес берді. Гулизар жақында USAID (ЮСАИД) және ICF ұйымдарының энергия тиімділігі саласындағы танымал сарапшылары АНҚ несие қызметкерлері үшін арнайы жүргізілген энергия тиімділігі мәселелері бойынша білім алды. USAID АНҚ серіктесі болып, ТЭЖН бағдарламасы бойынша оқу өткізу арқылы ғана көмектескен жоқ, АНҚ кредиторларына 1 млн. АҚШ долларына кепілдік беру арқылы бағдарлама үшін несие капиталын алуға көмектесті.
Меруерт АНҚ жаңа несиеге өтінім беру туралы шешім қабылдап, қабырға мен еденді жылылауға арналған материалдарды сатып алуға 18 айға 700 мың теңге алды. Материалдармен жұмыс істеу қиын болмағандықтан, отбасы жұбы дербес жылыту жұмыстарын жүргізу туралы шешті, бұл басқа қажеттіліктер ақшасын үнемдеді.
Меруерттің несие бойынша айлық төлемдері отбасы бюджетінің ақша ағынымен сәйкес келді, бұл ақша жинауын жалғастыруға мүмкіндік берді. Меруерт белгіленген мерзімнен ерте құрылысын аяқтауға көмектескен қаржылық қолдау үшін, қолданылуы тұрғын жайдың жайлылығын арттыруға, отын шығынын азайтуға көмектескен жаңа материалдар туралы ақпарат алу мүмкіндігі үшін АНҚ алғысын білдірді.