2019 жылғы 16 қазанда BOPA компаниясы Mercy Corps және Mercy Corps Corporate Fund компанияларының 50,53% мөлшеріндегі Азиялық Несие Қорына (АНҚ) біріктірілген қатысу үлесін сатып алды.
ВОРА компаниясы 2014 ж. бастап АНҚ акционері болып табылады, бұл компанияның мәмілесін ресімделуі аяқталғаннан кейін Компанияға АНҚ акцияларының 98,1% тиесілі болады.
«Біз осы оқиғаға байланысты толқудамыз, және де АНҚ-да құрылып отырған берік іргетастың қалыптасуын жағастыру мүмкіндігін асыға күтудеміз», – деді ВОРА компаниясының Бас Атқарушы Директоры Кристиан Андерсен.
«ВОРА компаниясы АНҚ-ға қатысудың бақылау үлесін иеленгені – АНҚ үшін маңызды әрі жағымды оқиға, себебі бұл АНҚ инновацияларға басты көңіл бөліп, өзінің әлеуметтік міндетін тиімді атқаруын қамтамасыз етеді», – деп түсіндіріп өтті АНҚ Бас Атқарушы Директоры Жанна Жакупова.