Қарауыл ауылы, Шығыс Қазақстан облысы.
Жұмажанова Ряжан Кәктәйқызы, Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының Қарауыл ауылында тұрады.
Өмір бойы ол үй шаруасындағы әйел болды, бірақ 1993 жылы ол өз бизнесін бастауды және дүкен ашуды шешті. Жұбайы оның бастамасын қолдады. Ол өзі де кәсіпкер болған, Семей қаласының базарында ет сату үшін шаруашылық қожалығында ұсақ және ірі мал өсірумен айналысты.
Дүкенде жұмыс істеп жүргенде, Раяжан апа ұдайы түрлі проблемаларға тап болатын, оларды шешу үшін ақша қаражаттары қажет болды. Бас кезінде ол қиыншылықтарды өзі, және жұбайының көмегі арқылы шешуге тырысатын. Алайда, дүкеннің дамуы үшін оған сырттан ақша қаражаты қажет екенін түсінді. Осылайша, ол Азиялық Несие Қорына тауар айналымы және дүкен шатырын жөндеуге өзінің бірінші несиесіне өтініш берді.
Раяжан апаның дүкені Қарауыл ауылына танымал болды. Ол жерде әрдайым түрлі тауарлар болды, бағалары қолайлы және қызмет көрсетілуі де жақсы. Раяжан апа, дүкенге келушілермен сөйлескен кезде олардың ауылда нан-тоқаш өнімдерінің жоқтығына шағымданатынын байқады. Ол қайтадан Азиялық Несие Қорына жүгініп, пеш пен қамыр илегіш алуға несие алды. Сол кезден бері оның дүкенінде әрдайым Қарауыл ауылының барлық тұрғындарына ұнайтын жаңа піскен тоқаштар мен торттар бар.
АНҚ қызметкерлері Раяжан апаға келген кезінде, ол көрсетілген көмек үшін алғыс білдіруге әрдайым жылы сөздер табады. Өйткені дәл осы АНҚ арқасында ол дүкендегі тауар айналымын арттырып, кондитерлік өнімдерді пісіре бастады. Бұл қорытындысында, отбасының әл-ауқатына оң әсерін тигізді!