5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

АНҚ – «Қазақстанның микроқаржы секторы» форумының демеушісі: 20 жыл тұрақты даму»

4 шілдеде Алматыда Микроқаржы ұйымдары қауымдастығы қызметінің 20 жылдығын мерекелеуге арналған «Қазақстанның микроқаржы секторы: 20 жыл тұрақты даму» форумы өтті.

Форумның негізгі тақырыбы кәсіпкерлік пен қаржылық инклюзияны дамытудағы микроқаржы ұйымдарының орны мен рөлін талқылау болды. Пікірталас сессияларының мазмұны оның дәстүрлі тұжырымдамасы – байлар мен кедейлер арасындағы алшақтықты азайту, инклюзивті экономикалық өсуге жәрдемдесу, азаматтардың іскерлік белсенділігін арттыру және кәсіпкерлікті қолдау негізінде микрокредиттің шынайы мақсатын ашуға бағытталған.

АНҚ Басқарма төрайымы Жакупова Жанна Болатханқызы екі панельдік сессияға қатысты.

«Микрокредиттеу кәсіпкерлікті қолдау және қаржылық инклюзияны дамыту құралы ретінде» сессиясында Жанна Жакупова АНҚ микрокредиттеу нарығындағы жоғары бәсекелестік жағдайында өзінің әлеуметтік миссиясын бүгінгі күнге дейін қалай сақтап қалатынын және осындай игілікті миссияны ұстану ағымдағы жағдайларда қаншалықты тиімді екендігімен бөлісті. Ол әлеуметтік миссияны сақтау стратегияны, оны орындау жоспарын және компанияның негізгі принциптері мен миссиясын ұстану тәртібін мұқият әзірлеуді қажет ететінін атап өтті. 27 жылдан астам уақыт бойы АНҚ жетістігі бірнеше басты аспектілерге негізделген. Біріншіден, бұл әлеуметтік миссияға – үй шаруашылықтарын, микро және шағын бизнесті қолдауға және Қазақстанның ауылдық өңірлерінде қаржылық сауаттылықты арттыруға бағытталған назар. Екіншіден, АНҚ клиенттерінің, әсіресе ауылдық жерлердегі әйелдердің әлеуметтік және экономикалық дамуына бағытталған қаржылық қызметтерге қолжетімділікті дамыту. Үшіншіден, бұл ұйымның бағдарламалары мен ресурстарын кеңейтуге мүмкіндік беретін халықаралық және жергілікті ұйымдармен ынтымақтастық.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша АНҚ кредиттік портфелі 30 млрд теңгені құрады, белсенді қарыз алушылар саны 43 281, 1 қарыз алушыға шаққандағы микрокредиттің орташа сомасы 700 мың теңгені құрады. Егер деректерді Қазақстан нарығындағы басқа классикалық МҚҰ-мен салыстыратын болсақ, АНҚ орташа сомасы ең аз болады. АНҚ-ның 63 кеңсесі бар, оның 57-сі ауылдық жерлерде орналасқан. АНҚ қарыз алушыларының 91% – ауылдық жерлерден. 58% мал шаруашылығымен айналысады, қалғаны өсімдік шаруашылығына, саудаға және қызметтерге тиесілі.
АНҚ қызметінің басты ісіне жылдам әрі ыңғайлы қаржылық қызметтер көрсету арқылы ауыл халқының өмір сүру сапасын жақсарту міндеті қойылды. Сондықтан АНҚ қаржылық тұрақтылық пен әлеуметтік жауапкершілікті қамтамасыз ететін теңдестірілген тәсілге ие болуы керек. Біздің BOPA ltd мажоритарлық халықаралық қатысушымыз сияқты, АНҚ жыл сайын миссияның орындалуын, әлеуметтік көрсеткіштердің орындалуын бағалайды және компанияның сайтында орналастыратын әлеуметтік есеп шығарады.

Миссия мен көзқарасты ұстану, сондай-ақ клиенттермен ұзақ мерзімді өзара тиімді қарым-қатынас стратегиясы компания 1997 жылы құрылғаннан бері басшылыққа алатын АНҚ тұрақты бизнесін дамыту үшін негіз болып табылады. Клиенттермен ұзақ мерзімді және сенімді серіктестік пайдалылықтың қолайлы деңгейін қамтамасыз етеді.

Жакупова Жанна модераторлық еткен екінші сессия ESG «Қазақстандағы тұрақты микроқаржыландыру: болашақ өсу үшін ESG қағидаттарын интеграциялау» тақырыбына арналды. 2 жыл бұрын ҚМҚҰҚ қамқорлығымен өткен Орталық Азия Микроқаржы Саммитінде сессиялардың бірінде МҚҰ қызметіне ESG енгізу тақырыбы талқыланды. Аталған сессияға Қазақстан МҚҰ, KASE және Enabling Capital халықаралық компанияларының және Франкфурт Қаржы және менеджмент мектебінің өкілдері шақырылды. Сессияда қатысушылар ESG саласындағы жетістіктерімен, сондай-ақ болашақта осы бағыттың дамуы туралы көзқарастарымен бөлісті. Сессия тақырыбы үлкен қызығушылық тудырды және көптеген пікірлер жинады. Талқылаудан кейін спикерлер форум қатысушыларының сұрақтарына жауап берді.