5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

АНҚ Басқармасының Төрайымы Жакупова Жанна Қазақстан Микроқаржы Ұйымдары Қауымдастығының Директорлар кеңесіне үшінші мерзімге сайланды

2024 жылғы 4 шілдеде Алматы қаласында Қазақстанның микроқаржы ұйымдары қауымдастығының (ҚМҚҰҚ, Қауымдастық) жалпы жиналысы өтті. «Азиялық Несие Қоры» МҚҰ» ЖШС Басқарма төрағасы Жанна Болатханқызы Жакупова қатарынан үшінші рет ҚМҰҚ Кеңесіне 2026 жылдың шілдесіне дейінгі мерзімге сайланды.
Ж.Б.Жакупованың қайта сайлануы оның өз ісіне адалдығының, тәжірибесінің және елдің микроқаржы секторын дамытуға қосқан елеулі үлесінің айғағы болып табылады.
Оның АНҚ мақсаттарын ілгерілетудегі және халықтың қаржылық қызметтерге қолжетімділігін қамтамасыз ету, кедейлік деңгейін төмендету және экономикалық өсуді қолдау мақсатында Қазақстанның микроқаржы секторын дамыту жөніндегі ҚМҰҚ миссиясын қолдаудағы басшылық рөлі атап өтілді.
Оның тәжірибесі мен пайымы ҚМҰҚ Директорлар кеңесі үшін аса маңызды актив болып табылады, сөзсіз, Ж.Б.Жакупованың бұдан арғы жұмысы Қауымдастықтың Қазақстанның микроқаржы секторын дамыту, халықтың қаржылық қызметтерге орнықты қолжетімділігін арттыру және адамдардың әл-ауқатын арттыру жөніндегі ынтымақтастығы мен күш-жігерін нығайтуға бағытталатын болады.