5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Дошекеева Роза

Есік қаласы, Еңбекшіқазақ ауданы, Алматы облысы

Дошекеева Роза, 62 жаста, зейнеткер, Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласында 15 жылдан бері тұрады. АНҚ-дағы өзінің бірінші шағын несиесін Роза 2010 жылы топ құрамында мал алу үшін 80 0000 теңге сомаға алған болатын. Роза топтық шағын несиелеу шарттарына, әсіресе шағын несиені алу жылдамдығына өте риза болған. Сондықтан да ол АНҚ-мен ынтымақтастықты жалғастырды.

Нәтижесінде, ынтымақтастық кезеңі ішінде ол 1 млн. теңгеден артық сомаға шағын несие алды.
Роза АНҚ-ға алғашқы рет келген кезінде мал өсірумен айналысқан еді. Екінші рет шағын несие алуға өтініш бергенде ол малдан басқа жылыжайда көкөністер өсірумен айналыса бастады. АНҚ-дан алған барлық қаражатты Роза түрлі мақсаттарға пайдаланды, бірақ олардың барлығы бизнеспен байланысты болды: мал басын көбейту, егіншілік үшін тыңайтқыштар мен тұқымдар сатып алу.

АНҚ қаржылық емес қызметтер шеңберінде Роза «Бизнесті қалай нөлден бастауға болады?» тренингіне сарапшы ретінде қатысты. Ол АНҚ басқа клиенттерімен және ауылдық тұрғындармен шаруашылық және бизнесті жүргізудегі өз тәжірибесімен бөлісті.