Түркістан қ, Оңтүстік Қазақстан облысы
«Мен үшін АНҚ серіктестік – бұл қаржылық көмек қана емес, сонымен қатар менің идеяларыма сенетін және оларды жүзеге асыруда мені қолдауға дайын компания бар екенін сезіну».
Алты жылдан астам уақыт бұрын менің өмірімде керемет оқиға болды – тігін өнері әлеміне саяхатымның басталуы. Мен қыздарымды тұрмысқа беруге дайындалып жатқан сәтте мен оларға деген өзімнің сүйіспеншілігім мен қамқорлығымды өз қолыммен жасалған «Қыз жасаулары» салты бойынша жиналатын кәдеде көрсеткім келді. Дәлірек айтқанда, мен бұл жай ғана тілек емес, матадан және жіптерден әдемі заттар жасау, оларды жан мен эмоциямен толтыру нағыз менің ықыласым екенін түсіндім.
Осылайша менің тігін бизнесімен тарихым басталды. Бастапқыда бұл тек қазақ дәстүрлерінің орындалуы – «Қыз жасаулары» кәдесін дайындау болды. «Қыз жасаулары» – бұл құрақ техникасымен тігілген көрпелер мен жастықтар. Бірақ мен осы шығармашылық процеске енген сайын, бұл менің жолым екенін түсіндім.
Жылдар өте менің бизнесім тұрақты түрде ілгері жүрді, мен 6 қызметкер жалдадым. Менің туындыларым өз жанкүйерлерін тапты, қазір Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген екі жүзден астам тұрақты клиенттерім бар екенін мақтан тұтамын. Біздің ассортиментіміз дәстүрлі қазақ өмірінің символы – отбасылар кешке жиналып, шай ішіп, жайбарақат әңгімелесетін ұзын сырылған көрпе “Құрақ көрпе” өніміне дейін кеңейе түсті.
2023 жылдың наурыз айында мен АНҚ микрокредит алу үшін жүгіндім және бұл менің дамуымдағы маңызды кезең болды. Мен үшін АНҚ-мен серіктестік – бұл қаржылық көмек қана емес, сонымен қатар менің идеяларыма сенетін және оларды жүзеге асыруда мені қолдауға дайын компания бар екенін сезіну. АНҚ-мен жұмыс істеген бір жылдың ішінде ғана менің меншікті капиталым 2.5 есе өсті.
Мен бизнесте ғана емес, білім алуда да даму керектігін шештім. 2023 жылдың тамыз айында Шымкентте тігін мектебін аштым. Бұл жерде 5 пен 17 жас аралығындағы балалар шығармашылық дағдыларды меңгеріе, кез келген заттағы сұлулықты егжей-тегжейлі көруге және өз қолдарымен жасауға үйренеді. Қазір мектепте 150 жас талант оқиды, және мен олардың әрқайсысын мақтан тұтамын.
Менің армандарым енді ғана ашыла бастады. Мен домбыра, математика және ағылшын тілі курстары туралы армандаймын – бұл балаларға шығармашылық шеберлер ғана емес, сонымен қатар әлемнің өз-өзіне сенімді азаматтары болуға көмектеседі. Әрине, мен Түркістандағы үлкен дүкенді армандаймын, онда менің тауарларымның үлкен таңдауы болады, онда әр адам өз үйіне ерекше нәрсе таба алады. Мен АНҚ көмегімен армандарымның шындыққа айналатынына сенімдімін.