Даянова Аниса
Қарасай ауылы, Жамбыл облысы
Даянова Аниса Гикрамовна өте қайырымды, мейірімді және позитивті әйел. Аниса апа – зейнеткер, балалары ержетіп, қала-қалаларға тарап кеткен, ал ол болса Қарасай ауылындағы өзінің кішкентай, бірақ сондай жайлы үйінде тұрып жатыр.
Аниса Гикрамовна жай зейнетақысын алып, үйде отырмайды, ол шаруашылықпен айналысады. Сиыр ұстайды, оның сүтінен қаймақ немесе құрт жасайды, өз жақындарымен бөліседі және ауылдастарына сатады. Ауласында шағын бақшасы бар, ол жерде Аниса-апа көршілері мен көрші ауылдардың тұрғындарына сату үшін көкөністер, құлпынай мен таңқурай өсіреді. Бос уақытында ол қалыңдықтың жасауына арналған ұлттық бұйымдар тігеді. Осының барлығын ол өзі үшін емес, есейіп кеткен болса да, балалары үшін жасайды. Ол, барлық аналар сияқты баларының өмірін жеңілдетуге, оларға көмектесуге тырысады.
Аниса Гикрамовна, нағыз шығыс әйелі сияқты, оған мереке күндері келіп тұратын балалары мен немерелері үшін үй ошағының жылуын сақтап отыр. Немерелерін ол жидек, қаймақ, сүзбе және жаңа сауылған сүтпен қарсы алады.
2016 жыл Аниса апа үшін қиындықтардан басталды. Бірінші бәле көктемнің басында келді: көктемгі тасқын себебінен ескі шатырдан су аға бастады. Бірақ әрдайым өзіне сенген Аниса апа бұл туралы балаларына айтпады, оларды өз проблемаларымен мазалағысы келмеді. Ол Азиялық Несие Қорына жүгінді. Бұл жерден ол шатырды ауыстыруға несие алып қанай қоймай, мұндай шаруа үшін қандай материалдар пайдалану, қанша арқалық пен бұранды шеге сатып алу керек екендігі туралы, сондай-ақ шатырды ауыстырумен байланысты басқа да сұрақтар бойынша толық консультация алды. Небәрі 4 күннен кейін ескі шатыр жаңасына ауыстырылды! Қалған ақшаға Аниса апа ешкі немесе қой сатып алғысы келген еді, бірақ жұт жеті ағайынды демекші … Оның сүйікті сиыры аяғын жаралап алып, қош айтысуға тура келді. Етті өткізгеннен түскен қаражатқа Аниса апа несиеден қалған ақшаны қосты да, өз туыстарын сүт өнімдерімен әрі қарай қуанту үшін сиыр сатып алды. Бірақ ешкілер туралы арманы Аниса Гикрамовнаны мазалай берді. Ол АНҚ-да алатын келесі қарыз сомасына міндетті түрде ешкілер сатып алуды шешті. Ондағы көздегені – жазғы уақытта келетін немерелері аса пайдалы ешкі сүтін ішетіндігі.
Аниса апаның хикаясы қызықты да, әрі жөн сілтейтін оқиға. Көршілерінің: «Сіз мұның барлығын не үшін істеп жатырсыз? Сізге бұл не үшін керек? Сіз жалғыз емессіз емес пе, өзіңізге көп нәрсе қажет емес қой?» деген сұрақтарына Аниса Гикрамовна әрдайым мынадай жауап қайтарады: «Тігіншілік, менің сиырым және бақшам – бұл менің сүйікті ісім, мен әрдайым жұмыс істеуге дағдыланғанмын, тіпті зейнетке шықсам да, пайда әкелгім келеді».