Халықаралық микроқаржылық және әлеуметтік рейтингілік MicroFinanza Rating агенттігімен өткізілген, бағалау негізінде Клиентті қорғау Қағидасын халықаралық қажеттілікті жүзеге асыру бойынша, Smart кампаниясының бағдарламасымен 2017 жылдың 20 тамызында Азилық несие қоры (АНҚ) сертификация алды. Қазіргі таңда АНҚ әлемдегі 80 ұйымдардың бірі болып және Қазақстандағы үшінші микроқаржылық мекемесі, ұйымның барлық іс әрекетінде жалпы алғанда 7 қағида және 99 көрсеткіштер бойынша клиентті қорғау стандарттарын ойдағыдай қолданады.
Smart кампанияның сертификациясы- клиенттерге қызмет көрсету процессі кезінде сапаның сәйкесті стандарттарын орындайтын қаржы мекемелерін қоғаммен мойындау мақсатында жүргізілетін, үшінші жақпен тәуелсіз бағалау. Ол іс жүзінде микроқаржы саласында клиенттерді қорғау қағидатын ұстанатын қаржы мекемелеріне көрсетеді, клиенттерге шыншыл және сыйластық қарым-қатынасты қамтамасыз ететін тәжірбиені ынталандыру арқылы, микроқаржы саласының қалыпты дамуына көмектеседі.
«Азиялық Несие Қоры Қазақстан тұрғындарына сапалы және қажетті қызмет көрсетуге әрқашан қызығушылық танытқан. SMART сертификациясы біздің клиентер мен қызметкерлерге қызмет көрсетуді әрі қарай жақсарту мақсатында қабылданған. Біз өз клиенттерімізге сенімдіміз және жауапты қаржылық серіктес ретінде біздің клиенттер бізге сенім артқанын қалаймыз » – деп АНҚ атқарушы директоры Жанна Жакупова айтқан. “Біз АНҚ сертификациясын қолдаған, осы сертификация үшін қаржылық көмек көрсеткен бизнес серіктесіміз Global Commercial Microfinance Consortium II B.V. және Sida (Swedish International Cooperation Development Agency ризамыз”, – деп Жанна сөзін толықтырды.
Smart кампанияның сертификатын алу АНҚ бір қатар стандарттарды, тиісті талдама әзірлеу және қаржылық өнімдер ұсынылуын, берешекті болдырмауын алдын алады, ашықтықты қамтамасыз етеді, баға белгілеу саясатының дұрыс болуын, клиенттерге әділ және құрметпен қарауын, клиенттер туралы ақпараттың құпиялығын және наразылық механизімін реттеуінің тиімділігін сақталуын көрсетеді.