«Азиялық Несие Қоры» ЖШС (бұдан әрі – «АНҚ») Атқарушы директоры Жакупова Жанна және қаржы менеджері Неделько Евгения «Горизонт 2037: әркім үшін адал қаржыландыру» тақырыбы бойынша Босния және Герцеговина, Сараево қаласында 24 және 26 маусымда өткен МҚО-дың 20-шы Жыл сайынғы Конференциясына қатысты. Бұл конференция Босния және Герцеговинадағы микроқаржыландыру жүйесінің 20 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келді.
Конференция тақырыбы: «Горизонт 2037: әркім үшін адал қаржыландыру» барлық конференция қатысушыларына келесі жиырма жылдықта микроқаржылық қызметтер нарығының қандай болатындығын көз алдына елестету мүмкіндігін берді. Конференцияда қаржылық жүйелерді технологиялардың көмегімен өзгерту, цифрлық революцияның ықтималды салдары, микроқаржылық ұйымдар қызметінде технологияларды енгізу және барынша кеңінен қолдану. 90-шы жылдарда секторды құраған спикерлер, белгілі теоретиктер, сарапшылар мен арнайы қонақтар жаңа болашақ микроқаржыландыруды қалыптастаруда белсенді рольді қалай атқаруға болатындығын және нәтижесінде 2037 жылға толық қаржылық тартуға қол жеткізуге апаратын негізгі оқиғалар үшін негізді қалай қалауға болатындығы туралы ұсыныстар беруге және өз идеяларымен бөлісуге күш салды.