«Азиялық Несие Қоры» микроқаржылық ұйымы» ЖШС (бұдан әрі – «АНҚ») Атқарушы директоры Жакупова Жаннаның басшылық еткен басшылар командасы Қазақстан, Алматы қаласында 21 сәуір күні өткен микроқаржылық және қаржы технологиялық компанияларға арналған “Risk Challenge Micro 2017” аса ірі конференциясына қатысты.
“Risk Challenge Micro 2017” Бірінші Несиелік Бюро ұйымдастырған Қазақстан микроқаржылық нарығының кәсіби қатысушылар үшін өтетін жыл сайынғы мамандандырылған конференциясы болып табылады. 2017 жылы “Risk Challenge Micro 2017» конференциясы «Цифрлық Қазақстан» деген атаумен өтті. Конференция аясында екі секцияның жұмысы ұйымдастырылды: қаржыландыру секциясы және Қаржы технологиялары мен инновациялар секциясы. Секцияларда микроқаржыландыру нарығының мәселелері (онлайн және оффлайн), тұрғын үй-құрылыс жинақтары мен банк саласындағы инновациялар, төлемдік инновациялар, нарық үшін жаңа маркетингілік және бизнес мүмкіндіктер, несиелік тәуекелдерді барынша азайту бойынша құралдар, сондай-ақ қаржы технологиялары бөліміндегі басқа да көптеген қызықты тақырыптар талқыланды.
АНҚ атқарушы директоры «Қазақстандағы МҚҰ қаржыландыру» панельдік пікірсайысқа қатысты, мұнда талқылау қатысушылары МҚҰ-ға халықаралық қаржы компанияларының қолдау көрсетуінің маңыздылығына назар аударды. Ол конференция қатысушыларымен MIV (микроқаржылық инвестициялық қорлардың) даму тарихымен бөлісті, сонымен қатар Қазақстандағы МҚҰ-на қаражат инвестициялаудың негізгі пайдаларын атап көрсетті.
Конференция аяқталғаннан кейін Жакупова ханым «Atameken Business Channel” компаниясына сұхбат берді, өз сөзінде ол Азиялық Несие Қорының қызметі, микроқаржылық нарықтағы беталыстар туралы, сондай-ақ АНҚ озық технологияларды пайдалануға дайындығы туралы әңгімелеп берді. Атап айтқанда, ол қазіргі сәтте АНҚ мобильді төлемдер мен скоринг бойынша инновациялық жобаны іске қосқандығын атап өтті. Әлеуетті және ағымдағы қарыз алушыларды сәйкестендіру бойынша қызықты тақырып көтерілді. Жакупова ханым микроқаржыландыру тенденцияларының қарыз алушының несие алу үшін кеңсеге келуінің қажеті жоқ болатындығы бара жатқаның атап өтті, себебі МҚҰ қашықтан сәйкестендіру түрлерін пайдалана алады. Алайда, мұндай қаржылық қызметтерді дамыту МҚҰ-ның өзгеруге дайындығына ғана емес, Қазақстанның ағымдағы заңнамасына өзгертулер енгізу қажеттілігіне де тікелей байланысты болады.