5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Азия Несие Қоры Албанияның Тирана қаласында өткен МҚО 19-шы Жыл сайынғы Конференциясына қатысты

2016 жылғы 5 шілде
Алматы, Қазақстан

«Азия Несие Қоры» микроқаржы ұйымы» ЖШС (бұдан әрі – «АНҚ») атқарушы директоры Жақыпова Жанна және қаржы менеджері Неделько Евгения 23-24 маусым күні Албанияның Тирана қаласында өткен «Бұлттық қаржыландыру» тақырыбындағы МҚО 19-шы Жыл сайынғы Конференциясына қатысты.

Конференцияның негізгі тақырыбы, жаңа технологияларды қолданған жағдайда микроқаржыландыру орын алуы мүмкін салаға, сондай-ақ бұл жүзеге аспаған жағдайда секторды не күтіп тұрғаны туралы мәселеге қатысты болды. Бұл конференция, микроқаржыландыруға цифрлық инновациялар ауадай қажет болған кезде түрлі идеяларды және қызмет көрсетудің қандай дәстүрлі тәсілдерін сақтап қалу қажеттілігі туралы мәселелерді талқылау үшін негізгі тұғырнамаға айналды.

Конференцияның семинарларына қатысудан бөлек, АНҚ атқарушы директоры Жақыпова Жанна іскерлік түскі асқа қатысты, онда жетекші қаржы ұйымдары МҚҰ-ның жергілікті қоғамдастықтарда алатын орнын талқылады. Көптеген МҚҰ жергілікті қоғамдастықтарда анағұрлым белсенді болып бара жатқаны байқалды. Мысалы, АНҚ өзінің Бизнес-Академиясы арқылы Қазақстанның ауыл тұрғындары үшін бизнесті дамыту бойынша тренингтер мен оқыту тренингтерін өткізеді, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтардағы әртүрлі қайырымдылық жобаларын қолдайды. Басқа МҚҰ әртүрлі осал топтарға қайырымдылық жағынан қолдау көрсетеді. Іскерлік түскі ас уақытында, жергілікті қоғамдастықтармен жұмысқа тартылған МҚҰ өздерінің әлеуметтік қызметінің нәтижелерімен, соған қоса филантропиямен және жергілікті қоғамдастықтарға қаржы салу кезінде кездесетін кедергілермен бөлісті. Іскерлік түскі астың негізгі идеясы, микроқаржыландыру саласында жұмыс істейтін анағұрлым көп ұйымдарды жергілікті қоғамдастықтарда белсенді болуға шақыру еді.



Қосымша ақпарат алу үшін келесі тұлғаға жүгінуді сұраймыз:
Жақыпова Жанна Болатханқызы
Қазақстан, Алматы қ-сы, «Азия Несие Қоры» микроқаржы ұйымы» ЖШС
атқарушы директоры
Тел.: +7-7272-50-61-90
Электрондық пошта мекенжайы: info@acfund.kz