5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Азиялық Несие Қоры «Бюджеттік сектор мен ШОБ кәсіпорындарында энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру бойынша жобаларға инвестицияларды тарту» ЮСАИД конференциясында Қазақстандағы энергияны үнемдеу бойынша несиелік бағдарламаның табыстарымен бөлісті.

29 сәуір 2016 ж.
Алматы, Қазақстанpic 3

2016 жылдың 7-8 сәуірінде Қазақстан, Астана қаласында Климаттың өзгеруін тежеу бойынша USAID Қазақстандық Бағдарламасының «Электр энергетикасы мен энергияны үнемдеуды дамыту институты» АҚ-мен бірлесіп ұйымдастырған «Бюджеттік сектор мен ШОБ кәсіпорындарында энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру бойынша жобаларға инвестицияларды тарту» атты тақырыбына халықаралық конференция мен дөңгелек үстел өткізілді.
Конференцияның негізгі қатысушыларының құрамын ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев пен аталған министрлік қызметкерлері, Орталық Азиядағы ЮСАИД миссиясын стратегиялық жоспарлау бөлімінің директоры Сара Уолтер ханым, Қазақстанның энергетикалық, өнеркәсіптік, білім беру және басқа да салаларының өкілдері құрады. Конференция бағдарламасы, өз кезегінде тыңдаушылардың назарына Қазақстан Республикасының энергетикалық жобаларында қызметті жүзеге асыратын спикерлердің, сондай-ақ энергияны үнемдеу және энергиялық тиімділікті арттыру бойынша жобалардың халықаралық тәжірибесімен бөліскен шақырылған шетелдік сарапшылардың сөз сөйлеуі мен пікілерін ұсынды.
«Азиялық Несие Қоры» микроқаржылық ұйымы» ЖШС (бұдан әрі – АНҚ) атқарушы директоры Жақұпова Жанна Болатханқызы 2011 жылы энергияны үнемдеу элементтері бар Қазақстанның ауылдық үй шаруашылықтарын несиелеу жобасын қолдаған Қазақстандық ЮСАИД бағдарламасымен таныстырды. Жақұпова ханым ЮСАИД тарапынан 1.0 млрд. АҚШ доллары сомасына кепілдік алу, сондай-ақ жобалардың энергиялық тиімділігін бағалауда пайдалану үшін бағалау карталарын әзірлеуде көмек көрсету табысты жоба жасау үшін негізді құрағанын атап кетті. Жақұпова ханым 2014-2015 жж. жылыту маусымы кезінде берілген энергиялық тиімді несиелердің әсерін бағалау нәтижелерімен таныстырды. Мәселен, 2014 жылы жылыту кезінде көмірді пайдалануды төмендету есебінен атмосфераға шығарындылардың мөлшері төмендеді: көмірқышқылды газ – 143 тн; микробөлшектер – 74 тн; жасыл-сарғылт түсті тотық – 51 тн; азот тотығы – 34 тн; көміртекті тотық – 286 тн. Ал бағдарламаны енгізудің басынан бері көмірқышқылды газдың шығарындылары 420 тн. артық мөлшерге азайды.
Конференция қорытындылары бойынша ҚР-ның бюджеттік секторы мен шағын және орта бизнес секторындағы энергияны үнемдеу жөніндегі жобаларды қаржыландыруды ұйымдастыру бойынша нақты бағыттар мен механизмдер айқындалды.

_________________________________
1 USAID Халықаралық Даму жөніндегі Америкалық Агенттіктің Қазақстан Республикасын (бұдан әрі – ҚР) ЖІӨ энергиялық сыйымдылығы мен парник газдардың үлестік шығарындыларын ұзақ мерзімді және тұрақты төмендетуде қолдауға бағытталған үш жылдық жобасы болып табылады. USAID ҚР үкіметі мен іскер қауымдастығына жобалық, корпоративтік және ұлттық деңгейлерде энергиялық тиімділігін арттыру саясаты мен шараларды жүзеге асыруда қолдау көрсетеді.