09 наурыз 2016 ж.
Алматы, Қазақстан
«Азиялық Несие Қоры» микрокредиттік ұйымы» ЖШС (бұдан әрі – АНҚ) қызметкерлерінің жылдық жиналысы 2016 жылдың 23-24 ақпанында Алматы қаласында өтті. Бұл жиналыс филиалдар мен бас кеңсенің барлық қызметкерлеріне бірігіп, 2015 жылдың нәтижелерін қарауға және 2016 ж. мақсаттарына жету үшін стратегияларды әзірлеуге мүмкіндік берді.
Жиналыстың бірінші күні АНҚ қызметкерлері филиалдар мен БК департаменттерінің 2015 жылдағы жұмыс нәтижелерін талқылады. 2015 жылдың нәтижелері бойынша Компанияның үздік филиалы мен қосалқы кеңсесі таңдалды. Мәселен, Тараз филиалы «Үздік филиал» номинациясында жеңімпаз болса, Сарыағаш кентіндегі кеңсе АНҚ қосалқы кеңселерінің арасында бірінші орынды иеленді. Қосалқы кеңселер арасында екінші орынды Тараз қаласындағы кеңсе және үшінші орынды Есік қаласындағы қосалқы кеңсе жеңіп алды.
Екінші күні қызметкерлер 2016-2020 стратегиясын енгізу жөніндегі ой-пікірлерімен бөлісті. АНҚ қызметкерлері 2016 жылы жүзеге асырылуы мүмкін бес жоба ұсынды. АНҚ жалпы жиналысқа қатысқан барлық қызметкерлердің үлесін жоғары бағалады.