26 қаңтар 2016 ж.
Алматы, Қазақстан
Азиялық Несие Қоры микроқаржы ұйымы (бұдан әрі – АНҚ, Компания), Қазақстанның озық микрокредиттік ұйымдарының бірі, 2015 жылдың қараша айында өзінің 18-жылдығын атап өтті. Осындай елеулі оқиғаны АНҚ өзінің адал клиенттерімен бөлісуді шешті. Арнаулы мерекелік шаралар Алматы филиалының бес өңірлік кеңселерінде өтті: Ұзынағаш с., Шелек с., Жаркент қ., Есік қ. мен Қордай с. 2015 жылдың қараша және желтоқсан айлары бойы АНҚ қызметтерін 1,5 жыл уақыттай пайдаланып келген 655 адал клиент «Біздің үздік клиенттерімізге арналған бағалы сыйлықтар» ұтысына қатысты. Осы акция нәтижесінде 5 клиент ноутбук және 81 клиент үй тұрмыстық техникасын (фендер, үтіктер, шаңсорғыштар, блендерлер және т.б.) ұтып алды.
АНҚ бұл күнді қызметкерлері мен клиенттері үшін әсерлі етіп жасауға тырысты. Компания жүлделер ұтысы мен фуршет ұйымдастырды, клиенттер де мерекенің атауға белсенді қатысты. Олар өлеңдер оқып, би биледі және АНҚ қызметкерлерінің атына көптеген жылы лебіздерін білдірді.
“Мен 2012 жылдан бастап АНҚ клиенті болып келемін, – дейді Жаркент қаласындағы бөлімшенің клиенті Айсұлу Қойбағарова, – АНҚ арқасында мен өз өмірімдегі барлық қиындықтарды оңай жеңе білдім. АНҚ алған барлық ақшаны мен өз отбасымның игілігін арттыру үшін пайдаландым. Бүгінгі таңда мен Компанияны құрған адамдар мен біз сияқты ауыл адамдарына қолдау көрсету үшін тыңбай еңбек ететін қызметкерлерге алғысымды білдіргім келеді». Осы Жаркент қаласындағы кеңсенің тағы бір клиенті Раушан Ивтай АНҚ иеленген жүлде үшін ақ ниетін білдірді: «Мен өз отбасымды жалғыз өзім қамтамасыз етемін. Мен 2013 жылы осы АНҚ-мен қызметтестік бастағаныма өте ризамын. Бізді, әйелдерді қолдағаның үшін рахмет саған, АНҚ. Біз АНҚ бірге өсуге дайынбыз».
Мереке күні АНҚ бірге 10 жылдан артық қызмет етіп келе жатқан клиенттер де алғысқа ие болды. 43 клиентке АНҚ Атқарушы директорының атынан алғыс хаттары табыс етілді. «Біз Компаниямыздың 18 жылдығын атап отырмыз, және шағын қаржыландыру нарығында жеткен табысымызды өз клиенттерімізбен бөлісуге қуаныштымыз. Біз барлық АНҚ клиенттеріне алғысымзды білдіргіміз келеді. Біздің компанияның табысы – біздің клиенттеріміздің табысы!» – деп мәлімдеді АНҚ Атқарушы директоры Жанна Жакупова.