5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Азия кредиттік қоры шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Бүкіләлемдік қаржы форумы құрылтайшыларының бірі болды.

SME Finance Forum Founding Members with HM Queen Maxima and HE DPM Yilmaz (004)

 

2015 ж., 24 желтоқсан

Алматы, Қазақстан

2015 ж. қарашада Азия кредиттік қоры (әрі қарай АКҚ) шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі Бүкіләлемдік қаржы форумы құрылтайшыларының бірі болды. Бұл Форум G-20 аясында құрылды. Қалған құрылтайшылар шағын және орта бизнесті дамыту және қолдау идеяларын ұстанған банктер, технологиялық компаниялар, реттеу органдары және қаржы ұйымдары болып табылады. Нидерланды королевасы – Максима және Түркия премьер-министрінің орынбасары 2015 ж. қарашада Түркияның Анталья қ. Форумның ашылуына қатысты.

 Шағын және орта бизнес дамыған, сондай-ақ дамушы елдерде жұмыс орындарын құру үшін және экономикалық тұрғыдан өсу үшін аса маңызды. Алайда осыған қарамастан, шағын бизнес кәсіпорындарының жартысына жуығы даму жағынан шектелген. Негізгі шектеулер – қолайлы қаржыландыруға қолжетімсіздік, қолайсыз экономикалық және құқықтық жағдай, нарықта жарамды қаржы өнімдері мен қызметтерінің жоқтығы.

Форум өткен екі күннің ішінде көшбасшылар ағымдағы нарықтық жағдайда шағын және орта бизнестің қалай жүріп жатқаны, дамушы елдердегі осы сияқты кәсіпорындар әрі қарай даму үшін қажетті қаржыландыру алуға мүмкіндіктері бар ма, қаржы компаниялары қазіргі кедергілерді қалай жеңіп, өз қызметтері арқылы шағын және орта кәсіпорындардың санын қалай арттыру керек деген болжамдарымен бөлісті. Қаржы индустриясына жалпы нақты әсері бар және оны айтарлықтай өзгерте алатын қаржы секторындағы инновациялық бастамаларға арналған талқылау қызықты болды.

«АКҚ стратегиясы – қолдауға мұқтаж жандарға, әсіресе ауыл тұрғындарына және кәсіпкер әйелдерге қолдау көрсету. Бүкіләлемдік қаржы форумы аясында АКҚ ие болған шеберліктері оның өз мақсаттарына қол жеткізудегі тиімді жолдарын табуға, соның нәтижесінде Қазақстан экономикасын дамытуға қомақты үлес қосуға көмектеседі,» – деді АКҚ Атқарушы директоры Жанна Жақыпова.

 Қосымша ақпарат алу үшін жүгінетін жер:

Қазақстан, Алматы қ.,

«Азия кредиттік қоры» микроқаржылық ұйымы» ЖШС

Атқарушы директоры Жақыпова Жанна Болатханқызы

Тел.: +7-7272-50-61-90

Электронды пошта мекенжайы: info@acfund.kz