24 қазан, 2015
Алматы, Қазақстан
2015 ж. қазан айында Оңтүстік Қазақстанның 36 ауылдық пункттеріндегі 82 үй шаруашылығының басшысы (оның 69-ы әйел) Азиялық Несие Қорының (АНҚ) қаржылық емес қызметтері аясында «Өз бизнесіңді қалай бастауға болады?» деген бір күндік тренингтен өтті. Мұндай тренингтер клиенттерге арналған Бизнес академияның қаржылық емес бастамасының ажырамас бір бөлігі болып табылады. 2015 ж. басынан бастап АНҚ Қазақстанның ауылдық өңірінің 176 тұрғынына 9 тренинг өткізді.
Бүгінгі таңда Клиенттерге арналған Бизнес академия ауыл халқына бес бизнес-тренинг ұсынып отыр, ол АНҚ өзінің негізгі қызметін – кредит беруді жүзеге асыратын аудандарда өткізіледі. Оңтүстік Қазақстан облысында қазан айында өткізілетін тренингтердің тақырыбы – мал өсіру болды.
Мал өсіру – Қазақстан ауылдарында тұратын үй шаруашылығындағы әйелдер үшін негізгі қор және табыс көзі болды. Қазақстанда мал өсірудің тарихы тереңде жатса да, тәуелсіздік алғаннан кейінгі 20 жылдағы жас ұрпақ малды азықтандыру, олардың аурулары, өсіру және т.б. сияқты мәселелерді біле бермейді. АНҚ мамандары өткізген тренингтер халыққа қажетті ақпарат қана алып қоймай, сондай-ақ АНҚ тренингіне шақырылған, жергілікті табыста тәжірибе жасап жүрген мамандармен маңызды қажеттіліктерін талқылау мүмкіндігін береді. Осылайша, Оңтүстік Қазақстан облысының Ақсукент ауылында АНҚ жергілікті ветеринары Халметов мырзаны шақырып, мал аурулары және сол аурулардың алдын алу шаралары туралы айтып беруін өтінді. Тренингтің екінші қатысушысы табысты кәсіпкер Сайданов мырза шағын болса да, өнімі мол ферманы басқарудағы білімімен және біліктілігімен қуана бөлісті. Сарыағаш ауылында сарапшы әйел Құлиева ханым табысты тәжірибесімен және де құпиясымен бөлісті.
Тренингке қатысушылардың бәрі АНҚ-ның өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған қаржылық емес қызметтерін жоғары бағалап, АНҚ-ның осы сияқты маңызды жұмысының жалғасуына тілек білдірді.