5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Азиялық Несие Қоры Қазақстанның ауыл тұрғындары үшін қаржы қызметтерінің қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында (өз қызметкерлерінің инвестицияларын қоса алғанда) қосымша капиталды тартады.

23 қыркүйек 2015 жыл

Алматы қ-сы, Қазақстан – «Азиялық Несие Қоры» микроқаржы ұйымы» ЖШС (АНҚ, Компания) екі инвестордың өзіндік қаражатының есебінен акционерлік қаржыландырудың екінші раундын сәтті түрде аяқтады.
АНҚ, Қазақстанның ауыл тұрғындарына микронесиелендіру қызметтерін көрсету мақсатында Мейірімділік Корпусы тарапынан құрылған микроқаржы ұйымы болып табылады.
Әрекет етуші инвестор – «BOPA» («Base of the Pyramid Asia») компаниясы және жаңа инвестор – «Karavella Invest» ЖШС акционерлік капиталға жаңа салымдарын енгізді. Осы инвестицияларды ескере отырып, «BOPA» және «Karavella Invest» ЖШС компанияларының АНҚ-дағы үлесі сәйкесінше 47% және 2% құрайды, ал Мейірімділік Корпусы болса акциялардың бақылау пакетін сақтайды.
«Karavella Invest» ЖШС, Компанияға үлестік қатысуды сатып алу мақсатында АНҚ қызметкерлері тарапынан құрылды. Қызметкерлердің үлестік қатысуы Қазақстанда айтарлықтай жаңа болып қала беруде, бірақ қызметкерлер өздерінің жеке капиталдарын АНҚ акционерлік капиталына енгізу идеясына қызығушылық танытты. «Біз АНҚ-ның болашағына сенеміз және АНҚ-на инвестиция салу – капиталды сәтті түрде орналастыру ретінде қарастырылуы үшін басқа да потенциалды инвесторларға қозғаушы күш болғымыз келеді» – деді Зарина Жекебекова инвестиция салушы қызметкерлердің атынан.
Соңғы инвестициялар жайында айтар болсақ, «BOPA» компаниясының бас директоры Кристиан Андерсен былай деп атап өтті: «Біз тіпті таяудағы девальвацияны да назарға ала отырып, АНҚ қызметтерінің көрсеткіштеріне өте таң қалдық, сондықтан осы ұйымның одан әрі өсуін қолдау үшін қосымша қаражат салуға қуаныштымыз. АНҚ, Қазақстанның ауылдық жерлеріндегі кәсіпкер әйелдерге тиісті қаржы қызметтерін алуға көмектесетін инновациялық компания ретінде өз-өзіне назар аударуды жалғастыруда. АНҚ-нің негізгі қызметкерлері «Karavella Invest» компаниясы арқылы акционерлерге айналатыны да бізді шабыттандырады».
«АНҚ орнықты және жақсы дәрежеде ұйымдастырылған компания болып табылады. «BOPA» компаниясы АНҚ-ның дамуына қолғабыс ете отырып, онымен ұзақ мерзімді серіктестікке адалдығын дәлелдегеніне қуаныштымыз. Біздің қызметкерлеріміздің акционер болып жатқанына да қуаныштымыз. Біз, қызметкерлердің энтузиазмы АНҚ-ның клиентері мен серіктестері, сондай-ақ АНҚ қызмет көрсететін тұрғын топтары үшін қосымша құндылық жасайды деген сенімдеміз» – деп атап өтті Стив Митчел, Мейірімділік Корпусының Қаржы қызметінің Вице-президенті.
АНҚ миссиясы – тұрғындардың өмірінің сапасын жақсарту үшін, оларға қаржылық және инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсынатын Қазақстандық микроқаржыландыру секторында даму мәселелері бойынша жетекші ұйым болу.