Сырлыбаева Гүлбағира
Көктобе ауылы, Түркістан облысы
10 жылдан аса Гүлбағира өсімдік өсірумен айналысып келеді. Ол алғашқы рет АНҚ микрокредит алу үшін жүгінген 2017 жылға дейін болгар бұрышынан бастап қарбызға дейін түрлі көкөніс өсіріп келген. «Менің ауылым – егіншілік отаны. Барлық тұрғындар кейіннен сату үшін тонналап көптеген жеміс пен көкөністер өндіреді. Мен де осы кәсіппен айналыстым. Бір күні мен ойландым, неліктен өз қызметімді кеңейтіп, ауылдастарым үшін көшет өсіруд бастамасқа? Бірақ бұған көбірек ақшалай қаражат керек болды, менде қаржы жеткіліксіз еді. Бірде ауылда мен екі жас жігіттерді көріп қалдым, олар маған ауылдық тұрғындардың бизнесін дамыту үшін аранйы құрылған осындай ұйымның – Азиялық Несие Қоры бар екендігі туралы әңгімелеп берді. Мен 500 көшет сатып алу үшін өзімнің алғашқы микрокредитімді алдым, және содан бері міне 5 жыл бойы АНҚ тұрақты клиенті болып табыламын», – дейді Гүлбағира.
АНҚ ынтамақтастық кезінде Гүлбағира өзінің бизнесін жаңа деңгейге шығарды. Оның жерінің 10 гектары, қыста да, жазда да – жыл бойы пайдаланылады. Қысқы уақытта ол отбасымен бірге жаңа жылыжайдың ішінде көшеттер өсіреді, жазғы уақытта – жеміс және көкөністермен айналысады. 2020 жылы Гүлбағира азық-түлік дүкенін ашты, мұнда ол әдеттегі тамақ өнімдеріне қоса өз қолымен өсірген көкөніс өнімдерін де сатады. Гүлбағира жауапты жұмыс беруші болып табылады. Қазіргі сәтте ол 10 жұмыс орнын ұсынып отыр, ал маусым кезінде оның қызметкерлерінің саны 25 адамға дейін жетеді.
Көкөніс пен жеміс өсіруде үлкен бәсекелестікке қарамастан, Гүлбағира кәсібінің өз артықшылықтары да бар. Ол ауылда жалғыз өзі ғана Майер лимонын өсіреді. Майер лимоны немесе Қытай лимоны апельсин мен лимонның гибриді болып табылады. Лимон жемістерінің түрі домалақ келеді. Қабығы – хош иісті және жұқа, дәмі – тәттірек, қышқылдығы аздау.Көптеген адамдар мұндай лимон түрін өсіре бермейді, ал Гүлбағира өсіріп қана қоймай, жақсы астыққа қол жеткізіп отыр. Былтырғы жылғы лимон астығы 2 тоннаға жетті!
“2017 жылдан бері АНҚ клиенті бола отырып, мен кез келген уақытта және кез келген мақсатқа микрокредит ала алатынымды білемін. Барлық өзімнің туыстарым, көршілерім мен ауылдастарыма мен АНҚ туралы айтамын. АНҚ арқасында мен жылыжай салдым, жаңа бизнес аштым, дүкен аштым. Ауылымыздың барлық тұрғындарының атынан мен АНҚ негізін құрған адамға ризашылығымды білдіргім келеді. Егер осындай ұйымдар көбірек болса, ауылдық тұрғындарға өмір сүру әлдеқайда жақсырақ болар еді», – деп ойымен бөлісті Гүлбағира.