Борченова Мээрим
Тараз Филиалы, Қордай кеңсесі,
Өзінің 32 жасында Азиялық Несие Қорының клиенті Борченова Мээрим Қордайдағы ең белгілі әйелдердің бірі болып саналады.
Оның гүл дүкенін Қордай ауылының әр тұрғыны біледі. Мээрим мен оның жұбайы Эльнур соңғы бірнеше жыл бойы жаны сүйетін істі іздеп келген. Олар өздерін түрлі қызметтерде еңбек етіп, байқап көрді: азық-түлік дүкен ашқан, киім-кешек сатты; Эльнур үй жөндеумен айналысты. Бұл табыс әкеліп тұрды, бірақ Мээрим айтқандай – бұл жай ғана жұмыс болды.
2020 жылы, коронавирус пандемияның өршіп тұрған кезде, карантин шараларына қарамастан, Мээрим, анасының кеңесі бойынша, гүл дүкенін ашуды шешті. Оның анасы – флорист, және Мээримнің өзі де шығармашылық қабілеттері бойында бар. Осылайша, 2020 жылы жұбайлар жалға шағын бутикті алып, гүл бизнесін бастап кетті. 6 ай істегеннен кейін Мээрим АНҚ-ға 1 млн.теңге мөлшерде микрокредит алу үшін жүгінді. Бұл ақшаны тауардың ассортиментін ұлғайтуға, сондай-ақ үлкен қуыршақ – Тэдди қонжықты сатып алуға жұмсады. Бұл ойыншық лезде танымал болып, кішкентай балалар да, ересектер де Тэддидің жеке өзінен мерекелік гүл шоғын және құттықтауларды алғысы келеді.
Мээримнің келесі қадамы болып түрлі ілеспе тауарды кеңейту болды: ол дүкенде ойыншықтар, ашық хаттар сата бастады, және әуе шарларды азотпен үрлейтін аппарат қойды. Содан кейін, АНҚ екінші микрокредиттің көмегімен жас кәсіпкерлер көршілес бутикті сатып алып, ішіне жөндеу жасап, өзінің гүл дүкеніннің квадратурасын кеңейтті. Енді, Мээримнің дүкені өзінің бәсекелестерінен ерекшеленеді, және оны жай гүл дүкені ғана емес, Гүлдер Салоны деп атауға болады. Мұнда сатып алушыларға келу, ал қызметкерлерге – жұмыс істеу жағымды, ұнайды.
Тауар ассортиментін және қызметтерді кеңейту Мээримге екі тұрақты жұмыс орнын ашуға мүмкінді берді, ал маусымдық сату кезінде ол қосымша 6-7 адамды жұмысқа жалдайды. Бизнестің тым қысқа мерзіміне қарамастан, Мээримнің өзінің тұрақты клиенттері пайда болды, себебі ол адамдардың тура соған гүл алуға келу әдетке айналауына барлық күшін салды.
Заманауи әлемде цифрлық құралдарды пайдалану маңыздылығын түсіне отырып, Мээрим Instagram әлеуметтік желісінде бизнес-парақшасын ашты, және гүлдерді үйге дейін жеткізумен онлайн сатуды іске қосты. Бизнеске жүйелі түрде қаржы салудың және ассортиментті кеңейтудің арқасында Мээрим өзіне автомобиль сатып алды және енді оның екі бірдей автокөлігі күн сайын тапсырыс берушілерге гүлдерді жеткізуді жүзеге асырады.
Мээрим – белсенді өмірлік ұстанымы бар адам. Жақында ол Қазақстанда танымал флорист Христина Гофманның флористика жөніндегі курсына қатысты. Енді оның гүл шоқтары сіз көрген ең әдемі гүл композицияларына бәсекелес бола алады. Мээримді Қордайдың трендсеттері деп атауға болады. Гүл бизнесінде көп тәжірибесі бар, жасы да үлкен бәсекелестері Мээримнің идеяларын көріп, өздерінің бизнестеріне енгізуде. Бірақ бұл Мээримнің қорқынышын тудырмайды, керісінше, оған өз бизнесін одан әрі дамытуға және үздіктердің қатарында қалуға ынталандырады. Мээрим және Эльнур өздерінің табысын осы сәтте сүйікті істерімен айналысатындығымен түсіндіреді, өйткені бұл еңбектері табыс қана әкеліп қоймай, адамдарға қуаныш сыйлаудан қанағат-рахат алады. Себебі гүлдер – бұл қуаныш туралы бизнес!
АНҚ-мен жұмыс істеу кезінде Мээрим тауар ассортиментін кеңейтті, оффлайн және онлайн сату жүйесін қалыптастырды, активтер сатып алды. Оның бизнесінің меншік капиталы 2 есеге артты. Енді, Мээримнің жақын жоспарында гүлдерді сақтауға арналған үлкен бокс сатып алу және оны тоңазытқышпен жабдықтау, бұл гүлдерді сақтау мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік береді.
“Барлық жас кәсіпкерлерге және өзінің бизнесін ашқысы келетін барлық адамдарға мен табыс тілеймін және өздеріңізге ұнайтын істі таба аласыз деп үміттенемін!» – дейді Мээрим – “ Ал Азиялық Несие Қорына мен көбірек жақсы клиенттер тілеймін және қаржылық қолдау көрсетіп, сүйікті ісімді дамытуға мүмкіндік бергендігі үшін алғыс білдіремін».