«Азиялық Несие Қоры» микроқаржылық ұйымы» ЖШС (бұдан әрі – АНҚ) кәсіпорындар арасында «Мемлекеттің бюджетке үлес» көрсеткіші бойынша бірінші орынды иеленіп, «Сала үздігі 2020» тәуелсіз бизнес-марапатын алды. Марапаттау үшін негіз болып Қазақстанның шаруашылық субъектілер рейтингісінің нәтижелері табылды. Көшбасшы мәртебесін кәсіпорын жұмысының нәтижелілігі, кәсіпкерлік пен экономиканың дамуына қосқан үлес, еліміздің тұрғындарының әл-ахуалы деңгейін арттыру көрсеткіштері бейнелейді.
АНҚ мұндай марапатқа алдыңғы жылдары да қол жеткізген болатын. Кезекті «Сала үздігі 2020» атағы бүкіл біздің ұжым үшін Компанияның табыстылығы мен тұрақтылығының растауы болды: біз қаржылық қызметтер саласындағы инклюзияның артуына көмектесіп қана қоймай, отбасыларға табыс әкелетін ауылдық үй шаруашылықтардың қызметін қолдау үшін микрокредиттер ұсынып қана қоймай, еліміздің бюджетіне ұдайы үлес қосудамыз, – деп атап өтті АНҚ Атқарушы директоры Жанна Жакупова.
Қазақстандағы ұлттыұ бизнес-рейтинг 7 жылдан бері отандық кәсіпорындар қызметіне зерттеулер жүргізіп келеді. Кәсіпорындар рейтингісі қаржылық есептілік деректер негізінде құрылады, сондықтан да оның нәтижелері объективті болып табылады және әр саладағы нақты үздіктерді көрсетеді.