2019 жылғы 15 қазанда MicroFinanzaRating меншік және тәуелсіз рейтингілік агенттігі екі жылда бір рет өткізілетін сертификаттау үшін кезекті тексеруді өткізді, және АНҚ-ның SmartCampaign клиенттерді қорғау қағидаттарын орындайтындығына бағыттануын растады.
АНҚ клиенттерді қорғау стандарттарын – 7 қағидат пен 99 көрсеткішті бүкіл ұйым жұмысына табысты түрде енгізген бүкіл дүние жүзі бойынша 115 қаржы ұйымы арасында және Қазақстандағы екі МҚМ бірі болып қала береді.
SmartCampaign сертификаттауы – бұл өз клиенттеріне қызмет көрсету сапасының тиісті стандарттарын орындайтын қаржылық мекемелерді ашық түрде тану үшін өткізілетін тәуелсіз, жеке бағалау. Ол қаржылық мекемелерге микроқаржылық индустрия клиенттерін қорғау қағидаттарын орындауды көрсетуге мүмкіндік береді және микроқаржылық индустрияның тұрақтылығына өз үлесін қосады, клиенттерге деген саналы, ашық және құрметті қатынасты қамтамасыз ететін тәжірибелерді енгізеді.
«Азиялық Несие Қоры әрдайым сапалы қызметтер көрсетуге және клиенттерге ашық, сапалы және құрметті көзқарасты қамтамасыз ететін тәжірибелерді ұсынуға ұмтылады. SMART сертификаттауы 2017 жылы алынған және 2019 жылы біздің клиенттерге және қызметкерлерге одан да тиімдірек қызмет көрсету үшін расталған болатын», – деді АНҚ атқарушы директоры Жанна Жакупова.