2018 жылдың сәуір айында Азиялық Несие Қоры (АНҚ) MicroFinanzaRating (MFR) рейтингілік агенттігінің халықаралық әлеуметтік рейтингілік бағалауынан өтті. 2017 жылддағы қызмет қорытындылары бойынша АНҚ-ға «sBB+» әлеуметтік рейтингісі берілді. Қазіргі уақытта АНҚ Қазақстандағы компанияның халықаралық әлеуметтік рейтингке ие болу арқылы әлеуметтік және қаржылық қызмет арасындағы әлеуметтік мақсаттар мен теңдікке берілгендігін растайтын 174 микроқаржылық ұйымдар қатарында үшінші орында тұр.
Әлеуметтік рейтинг микроқаржылық ұйымдардың өзінің әлеуметтік міндетін жүзеге асыру және әлеуметтік мақсаттарға жетуі бойынша институционалдық әлеуетінің сыртқы, шынайы және жауапты бағалауы болып табылады. Әлеуметтік рейтинг компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігін нығайту, сондай-ақ микроқаржыландыру нарығындағы ашықтық мен тиімділікті арттыруда маңызды роль атқарады.
MFR деректері бойынша Азиялық Несие Қоры әлеуметтік қызметті басқару және клиенттерді қорғау жүйесінің тиісті деңгейіне, сонымен қатар әлеуметтік міндетке сәйкестігіне қанағаттанарлық бағаға ие.
Әлеуметтік есептің түйіндемесімен АНҚ сайтынан «Жетістіктер-Рейтинг» тарауында танысуға болады