FIRF (Triple Jump) АНҚ-ға 1.5 миллион АҚШ доллары көлемінде реттелген қарыз берді. Алынған қаражат шағын және орта бизнесті, сондай-ақ Қазақстанның ауылдық өңірлеріндегі үй шаруашылықтарын қаржыландыру үшін пайдаланылатын болады.
FIRF қоры- дамушы нарықтарда олардың тұрақтылығын нығайту мақсатында қаржы ұйымдарына реттелген қарыздар беруге бағытталған. Қор қаржы институттарының қаржылық жағдайын жақсартудың катализаторы ретінде әрекет етуге тырысады. Бұл оларға шағын және орта бизнеске, сондай-ақ табысы төмен қарыз алушыларға несие беруге мүмкіндік береді.
АНҚ 2014 жылдан бастап Triple Jump-пен сәтті жұмыс істейді. FIRF қорынан реттелген қарызды алу консервативті саясаты және жоғары кәсіби басқаруы бар тұрақты қаржы институты ретінде АНҚ-ға деген сенімділікті растайды.