5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Бақылау кеңесі

Бақылау кеңесінің төрағасы

 
КристианКристиан Андерсен

ВОРА холдингілік компаиясының Бас директоры болып табылады

Кристиан Андерсеннің Азиядағы бизнесті басқару саласындағы 15 жыдық жұмыс тәжірибесі бар. Шағын несиелеу саласына 2015 жылдан бастап тартылды. Ол 2013 жылдан бастап қоссалқы құрылтайшысы болып табылатын Baseof Pyramid Asia (BOPA) үшін жарайтын серіктестер іздеуге байланысты өзі Азия мен Латын Америкасындағы 60 МҚҰ барып қайтты. ВОРА негізгі қызметі дамуының алғашқы кезенінде тұрған акционерлік капиталға инвестициялауға бағытталған холдингілік компания болып табылады.
Кристиан Швейцариядағы Халықаралық Басқарушылық даму институтының іскерлік әкімшіліктендіру (МВА) саласындағы магистр дәрежесіне және Дүниежүзілік банк/Азиялық даму банкінің шағын несиелеу бойынша жаттықтырушы сертификатына ие.
Кристиан CGAP (Аз қамтылғандарға көмек көрсету жөніндегі кеңестік топ), BRAC (Бангладеш ауыл шаруашылығын дамыту комитеті) және Бас микроқаржыландыру институтының түрлі микроқаржылық тренингтеріне қатысқан.

 

АНҚ Бақылау кеңесінің мүшелері

 

Сенад Синанович

Босния-Герцеговинадағы Партнер Микроқаржылық Қорының директоры

Сенад Синановичтың микроқаржы саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. Ол өзінің еңбек жолын 1997 жылы кредиттік қызметкер лауазымынан бастады. Кейіннен ол кредиттік менеджер және филиал директоры лауазымдарында жұмыс істеп, 2000-ы жылы Партнер Микроқаржылық Ұйымының директоры лауазымына тағайындалды.

Сенад Синанович Косоводағы Қаржы Агенттігі, Микроқаржы Ұйымдары Ассоциациясының және Үкіметтік Емес Ұйым «Қаржы және Несиелік Көмек Орталығы»(жаңа атауы «U plusu») сияқты ұйымдарда Директорлар кеңесінің мүшесі болды.

 

Марко де Натале

Visionfund / World Vision аймақтық қаржы директоры, Африка

Марконың әртүрлі аймақтардағы инвестициялық банкинг саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Қазіргі уақытта ол Сахараның оңтүстігіндегі Африкадағы 11 несиелік мекемелерді қадағалауға жауапты VisionFund халықаралық микроқаржыландыру желісінің аймақтық қаржы директоры.

Ол бұрын niras жаһандық әсер ету консалтингтік фирмасының сектор менеджері (стратегиялық қаржы/қорларды басқару) және Берлиндегі LFS Advisory компаниясының стратегиялық қаржы менеджері болған.

Алдыңғы тәжірибеге ТМД аймағында мамандандырылған жеке капитал компаниясының бас директоры және тең құрылтайшысы, сондай-ақ Әзірбайжан мен Ресейдегі жетекші микроқаржы ұйымдарының бас және қаржы директоры, сондай-ақ Женевадағы BlueOrchard Finance аймақтық менеджері лауазымы кіреді.

Марко өз мансабын Лондон қаласындағы Barclays Capital, Credit Suisse және Merrill Lynch компанияларында капитал нарығындағы 10 жыл жоғары лауазымды қызметтерінен бастады. Марко Стэндфорд Университетінің магистр дəрежесіне ие жəне Stonier АВА Банк ісі мектебі (Пенсильвания Университеті / Уортон/) жəне Оксфорд Университетінің Финтех бағдарламасының түлегі болып табылады.

 

Дон Гинсел

Құрылтайшы және бас атқарушы директор, Holland Fin Tech

Дон Гинсел – инженер-құрылысшы және бұрындағы банк қызметкері, ABNAMRO және Deutsche Bank банктерінде жұмыс істеді. Венчурлық капиталдар саласында аз уақыт жұмыс істегеннен кейін ол жаңа жобалар үшін стратегиялық және қаржы мәселелері бойынша және өнеркәсіптік масштабтарын арттыруға қатысты кеңесші және консультант ретінде жұмыс істей отырып, кәсіпкерлікпен айналысты. Сол кезде ол кәсіпкерлерге инвестицияларды тарту арқылы қолдау көрсету мақсатында құрылған Capital Waters қорының қосымша құрылтайшысы болды.
2014 жылы Дон қаржы саласының өзгеру артықшылықтарын жақсы жағына қарай өзгертуге ұмытыла отырып, Еуропадағы ең ірі қаржылық инновациялар экожүйелірінің бірі Holland Fintech ұйымын құрды. Қазіргі уақытта Дон басшы лауазымын атқарып отыр және бизнестің цифрлық технологияларға ауысуына, қаржылық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту және бүкіл әлем бойынша инновациялар туралы білімдердің таралуына көмектесетін бірнеше компанияда басқарма мүшесі болып табылады.