5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

АНҚ туралы

ЖШС MҚҰ Азиялық Несие Қоры (АНҚ) 1997 жылы «Корпус Милосердия» шағын және орта бизнесті несиелендіру бағдарламасы негізінде экономикалық даму және гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі халықаралық ұйым негізінде құрылған. Қазіргі уақытта AНҚ клиенттер саны бойынша Қазақстандағы үшінші ірі микроқаржы ұйымы болып табылады. AНҚ мүшелері – ВОРА компаниясы (Base of Pyramid Asia) және AНҚ қызметкерлеріне тиесілі ЖШС «Каравелла Инвест». AНҚ инновациялық қаржылық өнімдер мен қызметтерді негізінен ауылдық жерлерде тұратын әйелдерге ұсынады. Микронесиеден басқа, AНҚ бизнесті дамытуға қатысты оқыту және кеңес беру қызметтерін ұсынады. AНҚ бүкіл Қазақстан бойынша осал адамдардың күнделікті өміріне оң үлес қосуға ұмтылады.

Команда АКФ

 
АНҚ қаржы қызметтері үй шаруашылығын дамытуды жылжыту, шағын бизнесті, негізінен, ауылды өңірлерде шағын бизнесті өсіру, сондай-ақ Қазақстанның қалалары мен ауылдарында тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін әзірленген.

АНҚ клиентке бағытталған қаржы институты болып табылып, несие мекемесінің моделін пайдаланады, оның қызметі жергілікті қоғамдастықтарды дамытуға, АНҚ мақсатты клиенттеріне жеке қаржы шешімдерін, бизнес-кеңестер беруге және техникалық көмек көрсетуге бағытталған. Осы қызметтер бизнесті дамыту жөніндегі оқыған мамандарға және АНҚ қазіргі бар серіктестер желісі арқылы беріледі.

Бүгінгі күні төрағасы Мейірім Корпусының өкілі болып табылатын Бақылау кеңесі мен Жалпы жиналыс АНҚ басқарады. АНҚ-ның Қазақстанның ауылдық аймақтарында тарамдалған кеңселер желісі бар. АНҚ Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.

Тарихы

АНҚ-ның 25 жылдығы. Өзінің қызмет ету кезеңінде АНҚ жалпы сомасы 256,8 миллион АҚШ долларын құрайтын қаржылық қызметтерімен Қазақстан Республикасының 118 мыңнан астам кәсіпкерлері мен үй шаруашылықтарына қолдау көрсетті.

Өзінің стратегиялық дамуы аясында АНҚ мақсатты клиенттерімен байланысты жақсарту үшін чат-ботты енгізе отырып, қызметтерді цифрландыру жобасын іске қосты.

AНҚ тұтынушыларға қызмет көрсетуді жақсарту, коммуникация тиімділігін арттыру және кері байланыс жинау мақсатында өзінің байланыс орталығын іске қосты.

ВОРА компанияның 98,32% иелік ететін негізгі акционерге айналады.

АНҚ жиырма жылдығы. Өзінің қызмет ету жылдары ішінде АНҚ қаржылық қызметтерімен жалпы сомасы 24.5 млрд.теңгеге Қазақстан Республикасының 117 000 кәсіпкерлері мен үй шаруашылықтарын қолдады. 

АНҚ клиенттерді қолдаудың халықаралық деңгейде танылған қағидаттарын жүзеге асыруды растау ретінде SMART бағдарламасы бойынша сертификатқа ие болды.

АНҚ Қазақстанның Ұлттық Банкінде тіркеуден табысты өтіп, Қазақстан Республикасының микроқаржылық ұйымдар тізіліміне енгізілді. Тіркелген сәтінен бастап АНҚ қызметі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен реттеледі.  

АНҚ екі инвестордың өзіндік қаражаты есебінен акционерлік қаржыландырудың екінші раундын табысты аяқтады: құрылтайшылары АНҚ қызметкерлері болып табылатын бұрынғы акционер BOPA (Base of Pyramid Asia) және жаңа инвестор — «Каравелла Инвест» ЖШС.

АНҚ акционерлерінің құрамына Компанияға 500 000 АҚШ долларын инвестициялай отырып, BOPA (Base of Pyramid Asia) жаңа акционері кірді.

«Micro Finanza Rating» рейтингілік агенттігі АНҚ-ға ВВ/Тұрақты рейтингін берді.

2012АНҚ ауылдағы үй иелеріне энергия жинақтаушы тұрғын үйге несие беру бағдарламасын енгізді. ЮСАИД АНҚ -мен $ 1 млн. кепілдік беру туралы 4 жылдық келісімге қол қойып, осы бағдарламаны дамытуға қомақты көмек көрсетті. Бағдарламаның мақсаты энергия тұтынуды азайту, жайлылық деңгейін және қарыз алушы үйінің құнын арттыру, сондай-ақ көмірқышқыл газының ауаға таралуын азайту болып табылады, ал бұл өз кезегінде, Қазақстандағы экологиялық жағдайды жақсартады.

20082008 жылдың сәуір айында АНҚ ауыл тұрғындарының қаржы қызметтеріне мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында топтық несие беру бағдарламасын бастады. Топтық несиені енгізу табысы кейіннен өзінің тұрақтылығын дәлелдеген компанияның жаңа бизнес моделінің негізінде жатыр. Бүгінгі күні топтық несие АНҚ белсенді несие портфелінің 95% құрайды.

2004АНҚ 2004 жылы бастаған тұрғын үй жағдайларын жақсартуға несие беру бағдарламасы банктердің қандай да бір талаптарына орай ипотекалық несие ала алмаған адамдарға қаржылай қолдау көрсетуге бағытталды. 2004 жылдан 2006 жылға дейін АНҚ несиелері 318 отбасының тұрғын үй жағдайларын жақсартуға көмектесті.

2002Жеке секторға бизнес-ұйымдардың әлеуметтік жағдайы төмен адамдардың күнделікті өміріне қомақты үлес қоса алатындығын көрсету ниетімен АНҚ 2002-2006 жылдар кезеңінде ауыл жастарын қолдауға, дамытуға бағытталған кешенді стратегиялық қайырымдылық бағдарламасын іске асырды.

1997Алғашқы он жылда АНҚ қызметі жергілікті, шағын, енді дамып жатқан, қызмет көрсету саласындағы өндірістер мен компанияларды қолдауға бағытталды. 1997 жылдан 2007 жылға дейін АНҚ жалпы $3 900 000 сомасына ШОБ (шағын және орта бизнеске) 107 несие берді. АНҚ қызметінің ықпалына жасалған талдау таңдалған бағыттың дұрыс екендігін растады: орташа алғанда, АНҚ -ден несие алған бір шағын бизнес кәсіпорыны 42 тұрақты жұмыс орнын берді. 1997 жылы белсенді несие портфелінің 2% ғана өндірістер мен қызметтер саласына орналастырылса, 2006 жылдың соңында бұл 35% жетті.

Болашаққа жоспарлар

Компания тұрақтылық пен тиімділік деңгейін арттыра отырып, елдің ауылды өңірлерінде қызметін кеңейтуді жоспарлап отыр.
Болашаққа жоспарлар