Мамаева Нагима және Тәттігүл Байсалбекқызы – Есік қаласыедағы «Вира» базарында еңбек ететін кәсіпкер әйелдер. 2016 жылдан бастап олар өзара көмек және қолдауға негізделген бір ынтымақ тобының қатысушылары болып табылады. Мамаева Нагима Утарбайқызы киім-кешекті жөндеу бойынша қызметтер көрсетеді. 12 жылдан бері ол АНҚ адал клиенті болып келеді. Өзінің алғашқы микрокредитін ол 2009 жылы жаңа тігін машинасын сатып алу үшін алған болатын.
«Мен АНҚ туралы маған базарға келіп, менің шағын бизнесті дамытуға микрокредитті қалай ала алатындығым туралы айтып берген қызметкерлерден білдім. Ол кезде мен базарда шағын контейнерді жалға алғанмын және жабдықтан менде тек ескі тігін машинам ғана болған. Өз мүмкіндіктерімді қарастыра келе, мен бір шешімге келдім, және осылайша менің АНҚ-мен ұзақ мерзімді серіктестігіміздің тарихы басталды. Бұл уақыт ішінде мен өз тігін машинкаларымды жаңа, заманауи түрлеріне ауыстырып, жаңарттым, өзімнің жаңа контейнерімде жөндеу жүргіздім, материалдар сатып алдым, ательедегі қызметтер тізбесін кеңейттім, жұмысқа көмекші тігіншіні жалдап, қызмет көрсетудің жаңа деңгейіне көтерілдім. Бизнестің дамуымен қатар менің табысымның деңгейі де артты. Мен үйімде жөндеу жасадым, ұлым мен қызымның үйлену тойларын атқардым. Мен АНҚ қызметкерлеріне микрокредитті ақылмен пайдаланған жағдайда бизнес пен өмір үшін пайда әкелітіндігін түсіндіріп бергеніне алғысымды білдіргім келеді. Мен АНҚ-мен ынтымақтастықта болғаныма өте ризамын және осы компанияны өзімнің таныстарыма ұдайы ұсынып жүремін».
Тәттігүл Нағиманың ұсынысы бойынша келген кәсіпкерлердің бірі. Ол «Вира» базарында 10 жылдан аса әйелдер киімін сатумен айналысады. Оған өзі үшін еңбек еткен ұнайды, себебі бизнесін дамыта отырып, ол отбасының өмір сүру жағдайын жақсартады.
«Сауда-саттықтағы ең басты проблеманың бірі ассортиментті, әсіресе мереке күндері, кеңейту үшін қаражаттың жетсіпеушілігі болатындығы құпия емес. Тауардың ассортименті мол болса – жақсы табыс түседі, ассортимент жоқ болса – сату болғанымен, қалағаныңдай емес. Сондықтан мен АНҚ-дағы ең бірінші микрокредитімді Жаңа жыл мерекесіне әйелдер киімін сатып алу үшін алдым. Келесі жылы мен һз бизнесімді кеңейткім келді, және АНҚ екінші микрокредитін алып, өзімнің контейнерімнің жанынан екінші сату нүктесін аштым. Және, осылайша, жыл сайын мен өз бизнесімді дамыту үшін ғана пайдаланатын микрокредиттерді мақсатты түрде алып отырдым. 4 жылдың ішінде менің бизнесімнің өзіндік капиталы 8 есеге өсті, және қазіргі уақытта менің бір емес, төрт сауда нүктелерім бар: екеуі меншік өзімдікі, екеуін жалға алып отырмын. Келешекте даму үшін менің жоспарларым көп. Әрине, коронавирус індеті жоспарларымды өзгерттті, базар мезгіл-мезгіл жабық тұрды. Бірақ мен үшін бұл сатуларды әлеуметтік желілер арқылы іске қосуға, сондай-ақ клиенттерге киім-кешекті үйлеріне жеткізіп беруді ұйымдастыру мүмкіндігіне айналды. Мен АНҚ-ға ризамын, және біздің ынтымақтастығымыз әлі де ұзақ жылдарға жалғасады деп үміттенемін».