Қазіргі таңда жиһаз өндірумен айналысатын үлкен және кіші компаниялар артып жетеді. Нарықтағы ұсыныстар да көп, және бұл салада орынды иеленіп тұру оңай емес. Алайда, біздің клиентіміз – Алматы облысы, Есік қаласының тұрғыны Онорхан Харшыға бұл істің тізгінін мықтап ұстап отыр. Жиырма үш жыл жиһаз бизнесін жүргізіп келеді, оның ішінде АНҚ-мен сегіз жыл табысты ынтымақтастықты жалғастыруда.
«Сол бір 2013 жылдары біздің отбасымыз 2 түрлі жиһаз жасаумен айналысқан: асүйлік үстелдер мен кереуеттер. Тапсырыстарды біз үйде қабылдадық, сол жерде жиһазды да жасадық. Ассортиментті кеңейтуді ойластыратынбыз, бірақ өндіріске байланысты қиындықтар болды, қажет құрал-жабдық жетіспеді, және осының нәтижесіндей, тапсырыс та аз болды. Көршілерден бизнесті дамытуға кредит алуға болатындығын естіп, мен АНҚ келдім, және кәсіби деңгейде консультация алғаннан кейін жиһаз жасауға арналған түрлі жабдықты сатып алуға өзімнің алғашқы микрокредитімді алдым. Мен топтық әдіспен кредит алуды ұйғардым, себебі мен үшін қолдауды сезінуді және төлемге байланысты проблемалар туындаған жағдайда, өз тобымның мүшелерінің көмегіне жүгіне алатындығыма сенімді болу маңызды болды» – деп әңгімелейді Онорхан Харшыға.
Міне, енді сегіз жылдан бері Онорханның АНҚ-мен серіктестігі жалғасып келеді. Бұл уақыт ішінде ол бизнесті дамытуға және кеңейтуге 11 микрокредит алды, және оның өзіндік бизнес-капиталы 317% өсті. Ол тек жаңа жабдық пен базардан екі сауда нүктесін сатып алып қана қоймай, тауар ассортиментін де айтарлықтай ұлғайтты. Есік қаласы мен жақын маңдағы ауыл-мекендердің тұрғындары асүйлік және жатын бөлмелік гарнитурлар, қонақ бөлме жиһазы, жұмсақ жиһаз, кіреберіс бөлмен жиһазы мен кез келген жиһаздың басқа түрлеріне де тапсырыс бере алады. Онорханның жиһаздық ісі жыл сайын дамып, адал клиенттерінің саны артып келеді.
«Өзімнің еңбексүйгіштігім мен АНҚ қолдауының арқасында менің бизнесім өркендеп, менің отбасым болашаққа сеніммен қарайды» – дейді Онорхан.