5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Топтық Несие

Есік қ., 2008 жыл
2008 жылғы шілдеде «АНҚ МКҰ» ЖШС Есік қ. сабофисіне Вира базарында сауда жасайтын бес әйел топтық несиеге өтінім берді.

Несие маманы Сарсенбаев Максет бизнесті талдағаннан кейін топтың әрбір мүшесіне 80 000 теңге сомасында алғашқы топтық несие берді. 2009 жылдың шілдесінде әрқайсысы бизнесінің дамуына 300 000 теңгеден алып, топ 4-циклден табысты өтті.

Несие бермес бұрын біз олардан бір жыл ішіндегі өмірі мен бизнесіндегі өзгерістер туралы қысқаша сұхбат алу туралы шештік.


Олар бізге қуана әңгіме айтты.:

Раушан-көшбасшы:
Study--group1АНҚ ынтымақтастыққа дейін Вира базарында өз контейнерімде аяқ киім сатумен айналыстым, бір жылдан кейін осы базарда екінші контейнерімді аштым (онда қазір күйеуім сауда жасайды), ақша айналымым үш есе артты. АНҚ бірге жұмыс істеген бір жыл ішінде ортақ бизнесіміздің табысын пайдаланып, күйеуім екеуміз Есік қаласының ортасында жаңа бес бөлмелі үй салдық. Біз бизнесіміздің күшейіп, отбасылық бизнеске айналғанына қуанамыз, АНҚ серіктестігіміздің арқасында жаңа үй салып алдық!

Марияш-қазынашы:
Несие алған кезімде мен Вира базарында киім-кешек саттым. 200 000 теңге сомаға тауарым болды, тауар түрлері көп болған жоқ, ал қазір тауарлар айналымында шамамен 500 000 теңге бар, тауарларым алуан түрлі деп мақтана аламын. Сонымен қатар жиенімнің нархоздағы бір жылдық оқуын төледім. Тобымыз тату, біз жылдам, тату түрде бизнесімізді өсіріп жатырмыз. Топтағы серіктестеріме және АНҚ алғыс айтамын.

Бейбітгүл:
Бизнестегі айналымым артты деп мақтана алмаймын, өйткені мен секонд хенд киімін сатамын, өз бизнес деңгейім үшін жеткілікті тауар қорым бар. Бизнесімнің кірістері 1996 жылғы Хонда CRV автомобилін сатып алуға мүмкіндік берді, енді мен өзім көлік жүргіземін! Бұл менің бұрыннан ойлап жүрген арманым болатын. Сондай-ақ үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп, жаңа жиһаз сатып алдым. АНҚ несиесі өз бизнесімді сақтап, жағдайымды жақсартуға көмектесті.

Рая:
Study--group2Менің ұлттық киім тігумен айналысып келе жатқаныма 12 жыл болды, өзім тіккен киімді базарда сатамын. АНҚ жұмыс істей бастағанымда 300 000 теңгеге дайын костюмдерін болған еді, бір жыл ішінде өндірісті 600 000 теңгеге ұлғайтып үлгердім. Костюмдерім, шапандарым, қамзолдарым сұранысқа ие. Тігетін бұйымдарымның түрлерін көбейтіп, ұлттық зергерлік бұйымдар, мұсылман тауарларын қостым, үйімнің қасындағы жер теліміне 4 бөлмелі времянка салдым, оны жалға беруді жоспарлап отырмын..

Айнагүл:
АНҚ ынтымақтастыққа дейін айналымы 250 000 теңгеге жақсы аяқ киім бизнесім болды. Қазір бизнесім күшейіп, тұрақты бола бастады, бүгін айналымым жарты миллион теңге. АНҚ ынтымақтасқан бір жыл ішінде екі қызымды ұзаттым, бизнесімді де сақтап қалдым, дамыттым да. Топтағы серіктестерім үнемі маған бизнесте кеңес беріп көмектесті, өмірде де біз жақсы достармыз.