04 қараша 2020 ж. «Азиялық Несие Қоры» микроқаржылық ұйымы» ЖШС (АНҚ) негізгі қатысушысы ВОРА компаниясы АНҚ жарғылық капиталын 212.5 млн теңгеге ұлғайту туралы шешім қабылдады. Мәмілені ресімдеуді аяқтағаннан кейін АНҚ Жарғылық капиталы 553 миллион теңгені құрайтын болады. ВОРА қатысушысының үлесі АНҚ құрамында 98,32% құрайды. Қалған 1,68%-ы АНҚ қызметкерлері иеленетін қазақстандық «Каравелла инвест» ЖШС-не тиесілі.
«Біз әлі де болса, АНҚ-ның Covid-19 індеті кезіндегі заман талаптарына қалай төтеп беретіндігіне әсерліміз. Ұйымдастыруды күшейту үшін біз АНҚ-дағы өз үлесімізді 500 АҚШ долларына ұлғайтуды шештік. Мен бұл инвестицияның АНҚ-ға Қазақстандағы микро- және шағын кәсіпорындарға осы күз маусымында және алдағы қыста қолдау көрсетуге көмектесетіндігіне сенімдімін», – деп түсіндіріп өтті ВОРА бас директоры Кристиан Андерсен.
«Covid-19 пандемиясы көптеген компаниялардың жұмысына кері әсерін тигізуде. Төтенше жағдайды енгізу, қашықтан жұмыс істеуге ауысу, тұрғындар мен қызметкерлердің санасындағы айқынсыздық сезімі – әр компания осы мәселелерге тап болғаны белгілі. Алайда, айналадағы жағдайды ескере отырып, дұрыс таңдалған стратегия, бізге осы күрделі кезеңнен өтуге көмектеседі, ал ВОРА қосымша инвестициялары дағдарыстан кейін позицияларымызды жақсартуға ықпалын тигізеді», – деп мәлімдеді Жанна Жакупова, АНҚ Атқарушы Директоры.