Микроқаржыландыруға инвестициялар: тәжірибесі мен болашағы. Неліктен әлемдік холдингтер Қазақстанды таңдайды

Тәуелсіздіктің 28 жылы ішінде Қазақстанда еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру бойынша үлкен жұмыстар атқарылды. 2019 жылы «Doing Business» рейтингісінде Қазақстан өз позицияларын жақсартып, 28 орыннан 25-ші орынға көтерілді. Қазақстанның инвестициялары үшін, Қазақстан аумағында қызметтерін жүргізетін ұйымдар сияқты әлеуметі орасан зор деп сеніммен айтуға болады. Бүгін Азиялық Несие Қоры МҚҰ ЖШС Атқарушы Директоры Жакупова Жанна Қазақстанның микроқаржылық секторындағы компанияның қызметі мен жоспарлары туралы білу үшін «Азиялық Несие Қоры» микроқаржылық ұйымының бас акционері – «ВОРА» («Base of the Pyramid Asia») компаниясының өкілі Кристиан Андерсон мырзамен сұхбат жүргізді.

– «BOPA» деген не және сіз микроқаржылық ұйымдарға инвестициялау үшін компанияны құру туралы шешімге қалай келдіңіз?

– «BOPA» – бұл Сингапурда тіркелген, Азиядағы шағын микроқаржылық компанияларға (МҚҰ) капиталды инвестициялайтын холдингілік компания. Микроқаржыландыру нарығында жұмыс істей отырып, біз ірі МҚҰ капиталды оңай тарта алса, шағын және орта МҚҰ инвесторларды тартуда үлкен проблемаларға тап болатындығын байқадық. Нәтижесінде шағын компаниялардың жылдам өсуге ешқандай мүмкіндіктері жоқ болады. Сондықтан да біз міндеті Азияда орналасқан шағын және орта МҚҰ-ға өзіндік капиталына инвестициялар беру және біз инвестициялар салатын ұйымдарды корпоративтік басқаруға белсене қатысу арқылы өсуге және дамуға көмек көрсету болып табылатын компанияны мақсатты түрде құрдық.

– «ВОРА» компаниясы қандай елдерге инвестициялар жұмсады? Неге? Сіздің компанияңыздың ұзақ мерзімді стратегиясы қандай? Сіздің МҚҰ несиелеуден басқа қандай қызметтер көрсетеді немесе көрсете алады?

– Бүгінгі таңда «ВОРА» 7 елге – Қазақстан, Қырғызстан, Үндістан, Мьянма, Вьетнам, Камбоджа және Шығыс Тимор сияқты елдерге инвестициялар салды. Барлық осы елдерде микроқаржылық қызметті дұрыс мемлекеттік реттеу қолданылады.

Біздің міндет жақсы және жауапты микроқаржылық ұйымдарға жоғары қаржылық көрсеткіштерге қол жеткізуге көмектесіп қана қоймай, олар арқылы жұмыс істейтін елдерде оң әлеуметтік ықпал көрсету. Біз сондай-ақ алдымызға барлық серіктестік компаниялар арқылы 2 миллион клиентті қаржылық қызметтермен қамтамасыз етуді міндет етіп белгіледік. Қызметтерді ұсынуға келетін болсақ, белгілі елдің заңнамасына байланысты біздің серіктестес компанияларымыз өз клиенттеріне несиелеу, депозиттік қызметтер, сақтандыру және қаржылық білім беру қызметтерін ұсынады.

– Неліктен сіздер Қазақстанға инвестициялауды шештіңіздер? Азиялық Несие Қорына?

– Біздің компания Азияда МҚҰ қаржыландыруды ұсынған халықаралық қорлар желісімен жұмыс істеген. Қордың бір қатысушысы сол сәтте Азиялық Несие Қорының (АНҚ) кредиторы болып тұрған, және де ол бізге АНҚ компаниясына назар аударуды табанды түрде ұсынды, себебі бұл ынтымақтастық жемісті болады деп түйіндеген. 2013 жылдың қараша айында біз Алматы қ. АНҚ бас кеңсесіне барып, ұйымның сапасына, оның қызметі мен әсіресе ауылдық кәсіпкер әйелдерге деген ықыластарына тәнті болдық. Турне аясында біз тағы бірнеше елдерге бардық, бірақ таңдауымыз айқын болды – Қазақстан және АНҚ.

– Сіздің микроқаржылық ұйымдарыңыз коронавирус пандемиясы кезінде қандай қиындықтарға тап болды?

– Көптеген елдерде қызметтің тоқтатылуы байқалуы, және, сәйкесінше, клиенттерден төлемдер жинау мүмкіндігі болмағандығы, және барлық клиенттердің микрокредитті төлеу мүмкіндігі бола бермеуі себебінен, біздің серіктес МҚҰ-да өтімділіктің жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге байланысты проблемалар туындады. Алайда, МҚҰ құрылтайшылары/акционерлерімен жақсы ынтымақтастықтың арқасында осы күнге дейін барлық біздің мекемелер жұмыстағы іркілістердің ұзақ кезеңдеріне төтеп беру үшін ақша қаражаттарының жеткілікті деңгейін жинақтай алып келген.

– Бұл кезде «ВОРА» өз компанияларына қандай қолдау көрсетті? Бұл елдерде рететуішті қолдау болды ма?

– ВОРА -ның қолдауы, іс-шаралардың тоқтап қалуына байланысты біздің ең көп зардап шеккен серіктес компанияларымызға қосымша қаражат салғандығымыздан тұрды. Жалпы, біз серіктес компанияларымызды ақшалай инвестициямен де, технологияға инвестициямен де қолдауды жалғастыруға дайынбыз. Қажет болса, біз Азиялық Несие Қорына қосымша инвестицияларды қарастыра аламыз.
Реттеуішті қолдауға қатысты айтар болсақ, кейбір елдерде реттеуші органдар ішкі қаржыландыру ұйымдарынан МҚҰ үшін мораторийді енгізуді талап ету сияқты шараларды қабылдап, шын мәнінде микроқаржылық ұйымдарды қолдады, МҚҰ мемлекеттік қаржыландыру және капитал дұрыстығына қойылатын талаптарды уақытша жұмсартуды ұсынды. Біз жұмыс істейтін көптеген елдерде рететуіш МҚҰ мен банктік құрылымдар арасында несиелеу немесе депозиттік қызметтер бөлігінде айырмашылықтар жасамайтындығын ерекше атап өткіміз келеді. Себебі адал бәсекелестік барша үшін тең жағдайларды жасауды талап етеді.

– Сіздердің микроқаржылық қйымдарыңыз клиенттерге қандай қолдау көрсетті? Соның ішінде АНҚ-ға?

– Ел мен компаниялардың басымдылықтарына қарай қолдау түрлі болды. Біз клиенттерге микрокредиттер бойынша мерзімін кейінге қалдыру, қайта құрылымдандыру, шұғыл несиелеу сияқты қызметтерді ұсындық. Кейбір елдерде біз клиенттерге коронавирус кезеңінде денсаулықты қорғау бойынша ақпаратты да ұсындық.
АНҚ-ға келетін болсақ, карантинді енгізу сәтінен бастап АНҚ 6872 клиентке (бұл клиенттік қордың 24% құрайды) жалпы сомасы 2,5 млрд теңгеге (компанияның микрокредиттік портфелі көлемінің 38,1%) төлемдер бойынша мерзімін кейінге қалдыруды ұсынды. Олардың санынан 5231 қарыз алушыға номиналдық пайыздық мөлшерлемелер төмендетілді, 6837 – микрокредиттер мерзімдері ұзартылды, ал жалпы сомасы 470 млн теңгенің 776 микрокредиті қайта құрылымдалды. АНҚ ТЖ енгізілгеннен бастап және әлі күнге дейін мерзімін өткізіп алу үшін өтемақы есептемейді. Коронавирусқа байланысты жағдайдың тұрақтануына қарамастан, АНҚ өз клиенттерін қолдауды жалғастырып келеді, және де біз, инвесторлар ретінде, өз кезегімізде АНҚ ұсынатын барлық шараларды толығымен құптаймыз.

– Ковидтен кейінгі кезеңде микроқаржыландырудың дамуын қалай көрсесіз? Және одан да ұзақ мерзімді кезеңде?

– Мен коронавирустан кейін микроқаржыландыру одан әрі сұранысқа ие болатындығына сенімдімін, себебі ресми қаржылық сектор шағын және микрокәсіпорындарға, сондай-ақ үй шаруашылықтарына қаржыландыруға асыға қоймайды. Ковид індеті кезінде экономикалық белсенділіктің төмендеуі нәтижесінде көптеген шағын кәсіпорындар мен шағын бизнес тоқтатылып, немесе жабылып қалды, адамдар жұмыссыз қалды. Меннің ойымша, өзінің іскерлік белсенділігін қолдау үшін қаржыландыру қажет болатын, өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамдар санының өсуін көреміз.

– АНҚ жоспарлары туралы әңгімелеп берсеңіз? Қор үшін сіз қандай болашақты жоспарлап отырсыз?

– АНҚ коронавирусты шығындарды төмендетуге және клиенттеріне ұсынатын өнімдер мен қызметтерді жақсартуға көмектесетін технологиялар мен процестерге инвестициялау мүмкіндігі ретінде пайдаланды. Мен баршамыз ковидке байланысты ауыр кезеңнен өтіп жатқанымызға қарамастан, бұл өзімізге көз салып, болашағымызды жақсарту үшін өзіміздің бойымызда, ұйымда нені өзгерте алатынымызды көру үшін жақсы мүмкіндік екендігіне сенімдімін.

– Сіздің Қазақстанға деген тілектеріңіз.

– Біз Қазақстанда жұмыс істеуге қуаныщтымыз және сіздердің әдемі әрі керемет елдеріңіздің келешекте табысты дамуын тілейміз.