Клиенттердің сенімі – АНҚ табысының қозғалтқыш күші.
«Азиялық Несие Қоры» МҚҰ (АНҚ) Қазақстандағы жетекші микроқаржылық ұйымдардың бірі болып табылады. АНҚ өз қызметін 22 жылдан артық жүргізіп келеді, ол ауылдық үй шаруашылықтары мен шағын бизнеске қаржыландыруды ұсынады. 2020 жылдың тамыз айына АНҚ 87 000 клиентке 47,3 млрд теңге сомаға өз армандарына қол жеткізуге көмектесті.
Қазақстандағы микроқаржылық қызмет ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен реттеледі. АНҚ реттеуіштің тізілімінде тіркелген алғашқы МҚҰ бірі болды.
АНҚ Қазақстанның жеті өңірінде орналасқан және ауылдық аудандық орталықтарда орналасқан 50 бөлімшесі арқылы қаржылық қолдау көрсетеді. Осы бөлімшелердің 300 аса қызметкері ауылдық тұрғындарға өз идеяларын жүзеге асыруда көмектесуге қуанышты. АНҚ жеке, сондай-ақ топтық, кепілзаттық және кепілсіз микрокредиттерді түпкілікті мақсатпен беріп – үй шаруашылықтарының табыстарын арттыра отырып, өмір сүру сапасын жақсарту және шағын бизнестің дамуына көмек көрсетуді көздеп, қаржылық қолдау ұсынады.
АНҚ қызметтерін кім пайдаланады? Егер АНҚ-ның әдеттегі клиентін сипаттайтын болсақ – бұл ауылда жұбайы және үш баласымен бірге өмір сүріп жатқан әйел. Отбасының түрлі табыс көздері бар – бұл еңбекақы, және шағын бизнестен немесе мал өсіруден түсетін кірістер.Өз клиентін білу АНҚ-ға клиенттердің қажеттіліктерін ескере отырып, ауылдық тұрғындар өмірінің өзгешеліктерін назарға ала отырып, микрокредиттік өінмдерді әзірлеуге көмектеседі.
Қаржыландыруды ұсына отырып, АНҚ тұрғындарға қолжетімді және сапалы қызметтер ұсынуға мүдделі. Өз қызметінің басынан бастап АНҚ қызмет көрсетудің ең жақсы стандарттарына ұмтылады және қаржылық және әлеуметтік көрсеткіштер арасындағы балансты ұстанады. АНҚ ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Қаржылық қызметтер тұтынушыларының құқықтарын қорғау департаментінің талаптарын мен ережелерін қатаң орындайды.
2017 жылы АНҚ MicroFinanzaRating жекеменшік және тәуелсіз халықаралық рейтингілік агенттігімен өткізілген бағалау негізінде клиенттерді қорғаудың халықаралық деңгейде танылған қағидаларын жүзеге асыруды растау мақсатында SMARTcampaign бағдарламасы бойынша сертификататудан ойдағыдай өтті.
Сертификатқа ие болу АНҚ өзінің күнделікті қызметінде бүкіл дүние жүзі бойынша микроқаржылық салада қолданылатын клиенттерді қорғаудың қағидаларын орындайды.
«Біз өз клиенттерімізге сенеміз және клиенттеріміздің бізге өз клиенттерін қорғайтын жауапты қаржылық серіктеске сияқты сенім артқанын қалаймыз», – дейді АНҚ атқарушы директоры Жанна Болатханқызы Жакупова.
Клиенттерді қорғаудың қандай стандарттарын микроқаржылық қауымдастық пайдаланады және АНҚ өз қызметінде оларды қалай жүзеге асыруда? Негізгі жеті стандарт бар.
1 стандарт. Қаржылық өнімдерді тиісінше әзірлеу мен ұсынуды қамтамасыз ету. АНҚ өз өнімдерін нарықты талдау және тұрғындардың сұранысын зерделеу негізінде құрады. Жыл сайын АНҚ клиенттердің қанағаттану деңгейін бақылайды және алынған ақпарат негізінде өз өнімдері мен қызметтерінде қажет түзету шараларын қабылдайды. Өнімдер халықаралық талаптар мен реттеуіштің талаптарына сәйкес келеді.
2 стандарт. Тұрғындардың артық берешектігінің алдын алу. АНҚ микрокредиттердің тек оны қиналмай өтей алатын қарыз алушыларға ғана берілуі, ал берілген микрокредиттер клиенттердің мөлшерінен артық берешектік тәуекеліне апармауы үшін барлық қажет шараларды қабылдайды.
3 стандарт. Ашықтық. АНҚ пайыздық мөлшерлемелерді барлық маркетингілік материалдарда орналастырады, келісімшарттарды екі тілде береді, шарттарда ұсақ қаріп пен сілтемелер жоқ. АНҚ жыл сайын «үлкен төрттік» белгілі шоғырына тиесілі Ernst&Young-та сыртқы аудиттен өтеді. Аудирленген есептілік АНҚ сайтында қолжетімді.
4 стандарт. Баға құрылуының дұрыс саясаты. АНҚ микрокредитті беру үшін ешқандай бір реттік комиссияларды алмайды, кез келген уақытта қосымша шығыстарсыз мерзімінен бұрын несиені өтеуге рұқсат береді, төлемнің уақытын өткізіп алу үшін қарыздың негізгі сомасынан ғана тұрақсыздық төлемін өндіреді. Пандемия кезінде АНҚ барлық микрокредиттік шарттар бойынша барлық өтемақыларды толығымен алып тастады және осы саясатты әлі күнге дейін жалғастыруда.
5 стандарт. Клиенттерге және компанияның қызметкерлеріне адал әрі құрметпен қарау. АНҚ құрметпен қызмет көрсету мәдениетін насихаттайды және кемсітудің ешбір түріне жол бермейді. АНҚ-да құндылықтар белгіленіп, қызметкерлердің күтілетін мінез-құлық стандарттары қабылданған. АНҚ клиенттері мен қызметкерлері осы құндылықтарды біледі және оған қосылады.
6 стандарт. Клиенттік деректер құпиялылығын қамтамасыз ету. АНҚ клиенттің келісімінсіз клиенттің ешқандай дербес деректері жарияланбайтындығына кепілдік береді.
7 стандарт. Тұрғындар шағымдарын шешудің тиімді істейтін механизмі. АНҚ-мен байланысу, өз шағымдары мен ұсыныстарын 5061 жедел желіге қоңырау шалып, info@acfund.kz поштасына жіберіп немесе www.asiancreditfund.com сайтында кері қоңырау сұрап, қалдыруға болады. АНҚ клиенттерінің ешбір шағымы қараусыз және жауапсыз қалмайды. Клиенттердің сенімі – АНҚ табысының қозғалтқыш күші.
5 қазан 2019 ж. АНҚ компанияның SmartCampaign клиенттерді қорғау қағидаларын орындауға тұрақты бағыттанушылығын растады. Бүгінгі таңда АНҚ клиенттерді қорғаудың халықаралық стандарттарын енгізіп, ұстанып отырған Қазақстандағы екі МҚҰ бірі болып қала береді.