Алматы департаменті, Ұзынағаш кеңсесі.
Джуртчиева Балғыз АНҚ адал клиенттерінің бірі болып табылады. Балғыз біздің компаниямен ынтымақтастық жасап келе жатқан 9 жылдың ішінде ол Ұзынағаш кеңсесінің қызметкерлері үшін туыс адамдай болып кетті деуге болады.
Балғыз бен оның жұбайы – зейнеткерлер, бірақ тыныш өмір деген олар үшін емес. Зейнетке шыққаннан кейін Балғыз бен оның жолдасы үйдің жанынан шағын азық-түлік дүкенін ашты. «Сауда жақсы жүріп жатты, бірақ мен әрдайым ауыл шаруашылығымен айналысқым келген. Бізде аздаған мал болды, бірақ мен шағын фермам болғанды армандайтынмын», – дейді Балғыз. 2011 жылы АНҚ туралы естіген Балғыз қой сатып алу шағын несие алуды шешті. АНҚ-мен тоғыз жыл әрекеттесудің ішінде Балғыз 5 шағын несиені Балғыз мал сатып алу үшін пайдаланды. Бүгінгі таңда оны арманы орындалды деп есептеуге болады. Оның шаруашылығында 150 қой, 26 сиыр және 12 жылқы бар. АНҚ-мен ынтымақтастық барысында Балғыз малдың басын ұлғайтып қана қоймай, шаруашылық қора-жайларын жөндеп, мал үшін қосымша жайларды салып қойды. Балғыз мал шаруашылығы – ауыр еңбек екенін мойындайды, бірақ нәтижесі соған тұрады. Мұның барлығын ол өз арманы мен әрдайым ана қолдауы керек болатын сүйікті балалары мен немерелері үшін жасайды.
АНҚ-мен өзара әрекеттестік жасап отырған Балғыз өзінің мал басын көбейтіп қана қоймай, тұрмыстық жағдайын да жақсартты. 2016-2018 жж. аралығында Балғыз «Тұрғын үй-энергия үнемдеу» шағын несиелерін алды. Жайлылықты алып қана қоймай, үйді жылытуға шығындарды үнемдеп, энергияның тиімділігін арттыруға жұмсалатын қаражатты қалайша дұрыс пайдалануға болады? Балғыз бұл мәселені шешуге тәжірибелік көзқараспен қарады. Ең алдымен ол үйдің жылу жоғалтуын тқмендетуді шешті, ол үшін өз үйлерінің қабырғалары мен төбесін жылытты. Балғыз мұндай тиімді әрі шығыны аз жұмыс үйдегі жылудың жоғалуын 50%-ға дейін азайтуға мүмкіндік беретінін білді! Ал енді жылыту жүйесін жүргізу үйдің энергиялық тиімділігін арттыру процесін түпкілікті кезеңі болды.
Қазіргі уақытта Балғыз және оның жұбайы малды бордақылау, ет және сүт өнімдерін Алматы қ. көтерме сатып алушылар арқылы өткізумен айналысуды жалғастыруда. «АНҚ шағын несиелерінің көмегімен мен өз өмірінде көп істерді жүзеге асыра алдым. Мен АНҚ-мен жұмыс істеудің көптеген артықшылықтарын көріп отырмын: шағын несиелер комиссияларсыз беріледі, мен шағын несиені мерзімінен бұрын өтеп, артық пайыздар немесе айыппұлдар туралы ойламаймын, мен шағын несиелерді касса арқылы ғана емес, терминалдар арқылы да төлей аламын. Бірақ ең бастысы, мен дәл маған, менің маусымдық бизнесіме ыңғайланып жасалған өтеу кестесін ала аламын! Мен АНҚ-ға осындай компания бар болғандығына ризамын, менің жағдайымды сұрап, кез келген уақытта көмекке келуге дайын тұратын қызметкерлерге алғысым көп!» – дейді Балғыз.