5061 кез келген ұялы байланыс операторынан
Whatsapp чат-бот
АНҚ Офистар

Азиялық Несие Қоры 60 Decibels халықаралық компаниясының жоғары бағасына ие болды

Азиялық Несие Қоры 60 Decibels (60dB) компаниясы жүргізген 2024 жылғы әлеуметтік әсерді зерттеу қорытындысы бойынша «Үздік қатысушы» сертификатына ие болғанын зор мақтанышпен хабарлаймыз
Клиенттер арасында жүргізілген тәуелсіз сауалнамалар мен салалық талдау нәтижесінде АHҚ екі негізгі көрсеткіш бойынша үздіктер қатарынан көрінді: «табыстың өсуі» және «жұмыспен қамту деңгейінің артуы»
Бұл халықаралық деңгейдегі мойындау – біздің атқарған жұмысымыздың нәтижелігін және клиенттеріміздің өміріне әкелген оң өзгерістерді дәлелдейді. Әлеуметтік әсерді тәуелсіз бағалау бізге қай бағытта көбірек пайда әкеліп жатқанымызды нақты анықтауға, сондай-ақ көрсетілетін қызмет сапасын әрі қарай жауапкершілікпен жетілдіруге мүмкіндік береді

60 Decibels туралы анықтама
60 Decibels — әлеуметтік әсерді бағалауға және клиенттердің пікірін талдауға маманданған халықаралық зерттеу компаниясы. Компания клиенттерден тікелей сауалнама алу арқылы тәуелсіз зерттеулер жүргізеді және алынған нәтижелерді саладағы ортақ көрсеткіштермен салыстырады.Әлемнің 80-нен астам елінде қызмет ететін 60 Decibels қаржы ұйымдарына, инвесторлар мен халықаралық компанияларға өз жұмысының тиімділігін бағалауға, әлеуметтік нәтижелерді өлшеуге және нақты, объективті деректерге сүйене отырып басқарушылық шешімдер қабылдауға көмектеседі.