Азиялық Несие Қоры Бақылау кеңесіне жаңа мүше – Сенад Синановичтың қосылғаны жөнінде қуанышпен жариялайды.
Сенад Синанович – Босния-Герцеговинадағы Партнер Микроқаржылық Қорының директоры. Сенад Синановичтың микроқаржы саласында 20 жылдық тәжірибесі бар. Ол өзінің еңбек жолын 1997 жылы кредиттік қызметкер лауазымынан бастады. Кейіннен ол кредиттік менеджер және филиал директоры лауазымдарында жұмыс істеп, 2000-ы жылы Партнер Микроқаржылық Ұйымының директоры лауазымына тағайындалды.
Сенад Синанович Косоводағы Қаржы Агенттігі, Микроқаржы Ұйымдары Ассоциациясының және Үкіметтік Емес Ұйым «Қаржы және Несиелік Көмек Орталығы»(жаңа атауы «U plusu») сияқты ұйымдарда Директорлар кеңесінің мүшесі болды.